Пара алу да, беру де қылмыс...

Аймақтар
28.02.2019, 11:58

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде өңірдегі барлық темір жол құрылымдық бөлімше басшыларының және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті, құқық қорғау саласы, «Нұр Отан» партиясы филиалы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.  

Шараны жүргізген Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Мағауия Оразқұловтың айтуынша, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасақталған. Оның мақсаты – заң бұзушылыққа қарсы алдын алу және жүйелі шаралар кешенін әзірлеу, жүзеге асыру. Осы Келісім аясында АҚ-ның штатында Агенттік пен АҚ өкілдерінен жасақталған «Адал жол» жобалық кеңесі де құрылмақшы. Кеңес жұмысы темір жолмен жүк және жолаушы тасымалдау жұмысының дұрыс жүргізілуіне, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігіне, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департамент бастығы Тоқтамыс Жұмағұлов Агенттіктің жұмысы туралы түсінік беріп, бүгінде әлеуметтік мәселеге айналып отырған жемқорлықтың алдын алу қажеттігін айтты. «Бұл бүкіл әлем елдерінде бар үрдіс, өкінішке қарай, біздің ел де одан айналып кете алмады. Бірақ біздің мақсатымыз осы сыбайлас жемқорлық санын азайту, жою болып табылады. Жемқорлықтың ең кең тараған түрі – пара алу мен беру. Оған жеңіл қарауға болмайды. Бұған тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жаза қаралған. Бір қорап шоколад үшін істі болып жатқандар бар. Сондықтан сақ болыңыздар, жүрген жерлеріңізде, ұжымда осы мәселені мұқият айтыңыздар. Пара алушымен қатар беруші де қылмыс жасаушы болып саналады. Теміржолда да ондай жағдайлар кездесті» деді ол.

Темір жол саласындағы, соның ішінде Атырау бойынша оқиғаларды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Атырау облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Мұрат Данияров баяндады. Оның айтуынша, 2018 жылы Атырау облысы аумағындағы квазимемлекеттік сектордағы 13 лауазымды тұлға және қызметкерлермен орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстары әшкереленген. Онда пара алу, қызметтік өкілдігін асыра пайдалану, мемлекет мүлкін ысырап ету секілді қылмыстық құқықбұзушылықтар орын алған. Қазіргі уақытта қозғалған 13 қылмыстық істер бойынша 9 тұлғаға қатысты сот үкімі шықса, 2 тұлғаға қатысты сот процесі жалғасуда және 2 тұлғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде екен. Осы аталған фактілермен қатар қатысушыларға сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар жөнінде деректі фильмдер көрсетілді. М.Данияровтың айтуынша, квазимемлекеттік саладағы лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жол беретін себептердің басым көпшілігі мемлекеттік сатып алу заңдылығын бұзу, кәсіпкерлік субьектісіне артықшылық беру арқылы өзінің пайдасына заңсыз сыйақы алу, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде пара алу қылмыстары жиі кездеседі. Мұндай заңсыздықтарға жол берілмеуі тиіс. Агенттік өкілдерінің де баса айтқаны осы болды – құқықбұзушылыққа жол бермеу.

Атырау көлік прокурорының орынбасары Нұрлан Сәрсенов жүк тасымалдау мен қабылдаушылар қызметін автоманттандыру қажеттігін қаперге берді, оның ойынша, бұл да сыбайлас жемқорлыққа жол беруге итермелейтін жұмыс түрі. Жиынға қатысқан «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қылмыстық кеңес төрағасы Сайын Қуанышев та партия тарапынан үнемі қадағалау барын атап өтті.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

 Суретті түсірген автор


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?