Құрам көбейгелі жұмыс көлемі артқан

Аймақтар
05.03.2019, 17:13

Қазақстан темір жолының барлық аймағында жылдағыдай 15 желтоқсаннан 15 сәуірге дейін жалғасатын «Бүйір рамасын бақылау» 4 айлығы жүріп жатқаны белгілі. Себебі, соңғы жылдары елімізде вагонның осы бүйір рамасына байланысты ақау көбейіп кеткені жасырын емес. Бір ғана мысал, өткен жылы 31 шілдеде Мойынты-Шығанақ телімінде жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне осы ақаулы бүйір рамалары себеп болған. 

Арыс пайдалану вагон депосына қарасты Түркістан станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктіндегі вагондарға техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы Әшірбай Тұрғанов айлыққа байланысты қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүк вагондары тележкаларының құйма бөлшектерінің ақауына жол бермеуге бағытталған айлық вагоншылар үшін қырағылық мен қауіпсіздікті екі есе арттырыпты. 

– Біздің міндетіміз – осы Түркістан станциясынан кеткен пойыздардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Түркістан мен Арыс телімінің қашықтығы – 109 км, Түркістан мен Шиелінің ортасы – 156 км. Аталған станцияда техниалық жай-күйі қаралған пойыздардың бәрінің аман-есен жетуіне біздің қызметкерлер жауапты. Түркістанның облыстық мәртебе алуына байланысты екі пойыз қосылды, олар: №71, №72 Тұлпар-тальго пойызы. Ол Алматы қаласынан шығып, Түркістаннан қайтады. Ол да бізге қосымша жұмыс жүктеп отыр. Екіншісі, Түркістан – Астана пойызы, ол да Түркістаннан шығады, тальго емес, жай вагон. Бұдан бөлек, қалаларық Сарыағаш – Түркістан пойызы да шықты және бұрыннан жүріп жатқан пойыздар да бар, қысқасы, құрам көбейгелі жұмыс та жауапкершілік те артып отыр, – дейді Әшірбай Тұрғанов.

Техникалық қызмет көрсету пункті бөлімінің бастығының мәліметі бойынша, 2018 жылдың қаңтар айынан бері ағымдағы жөндеуден өтуге 3979 пойыз берілген, оның ішінде 6 вагон ағытылған. 4108 пойыз қабылданған, оның ішінде 122 вагон ағытылған, кузов бойынша 5, тежегіш бойынша 22, ағымдағы жөндеуден 319 вагон өткен. Ал ТМД көлемі бойынша 103 жекеменшік вагондар ағытылған.

Ұжымдағы 98 адамнан бүгінде 48 теміржолшы қалыпты. Өйткені, жүк пойыздарының Түркістан станциясында қаралмауы себебінен жұмысшыларды қысқартуға тура келген. Сондай-ақ, Әшірғали Дәулетұлының айтуынша, Түркістан станциясында КТСМ жоқ. Сондықтан жұмыс жауапты, себебі, вагондардың дөңгелектерінің қызып келе жатқанын, соны байқайтын аппаратура жоқ болғандықтан, вагон қараушылар өз міндеттерін екі есе жауапкершілікпен атқаруларына тура келеді дейді бөлім бастығы. Техниканың ақауын анықтайтын аппарат Түркістан станциясына қойылмаған. Ал КТСМ техникалық норма бойынша әрбір станцияның арасында 25 км сайын қойылуы керек.    

Сондықтан Түркістанның облыс орталығына айналуына байланысты штат бөлінсе деген вагоншылар өтініші орынды болмақ. Атап айтқанда, вагон сақтандыру, қарау, вагон бақылаушысы деген штаттар қажет. Себебі, облыс орталығы Түркістан қаласында қазіргі таңда үлкен құрылыстар бсталды, осыған орай жүк аймағынан жүк түсіру көбейіп, вагон бақылаушысы деген штаттың қажеттігі айқын аңғарылуда.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Түркістан  

Суретті түсірген автор


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?