Ауыл: әйелдер патшалығы

Аймақтар
07.03.2019, 12:11

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша станция бастығы қызметін атқаратын нәзік жандылар баршылық. Әсіресе, Семей–Локоть телімі бойында әйел басшылар қызмет атқаратын бірқатар станцияларды айтуға болады. Соның ішінде Қазақстан-Ресей шекарасының дәл түбінде тұрған Ауыл станциясының бастығы Қарлығаш Райымханова туралы бүгін сөз қозғамақпыз.    

Еліміздің қиыр шығысында, Локоть-Семей телімінің 561,1шақырымында орын тепкен, биыл іргесін көтергеніне 105 жыл толатын Ауыл станциясында кіл әйелдер қауымы жұмыс істейді. Атауы да айрықша Ауылдың бөлімшенің өзге жол айрықтары мен станцияларынан басты ерекшелігі сол. Ал, осы қызметке 2016 жылы тағайындалған Қарлығаш Мазанқызы – Аягөз өңірінің тумасы. Ең алғаш станцияға билет кассирі болып орналасыпты. Көп ұзамай тауар кассасында еңбек етуге көшеді. Станциядағы қызметі осылайша жалғастық тауып, мұндағы теміржол қызметінің барлық сатыларынан өтіпті. Басшылыққа осы станциядағы станция кезекшісі қызметінен ауысып келді. Қазіргі күні кіл қыз-келіншектер қауымынан тұратын үлкен ұжымның басшысы.

– Қызметкерлердің кіл әйелдерден тұруының жетістігі де бар, кемістігі де бар. Тиімділігі сол, әйелдің ұқыпты қолы станция жұмысын тап-тұйнақтай етеді, ал кемшілігі сол, қыстың күндері қар күреуге білек сыбанып өзіміз шығамыз. Әсіресе, ерлер қауымының жоқтығы 8 наурызда сезіледі. Сондықтан бір-бірімізді құттықтаудың жарқын үлгісі қалыптасқан, – дейді Қарлығаш Мазанқызы.

Аягөзден шалғайдағы осы станцияға жұбайымен келіп қоныстанғалы талай жыл, сондықтан ауыл Қарлығаш үшін кір жуып, кіндік кескен жерінен еш кем емес. Жолдасы Руслан жолшы, ал қызы Манар станция кезекшісі, қысқасы, бәрінің илегені бір терінің пұшпағы.    

– Ауыл станциясының жұмысы жеңіл емес. Шекаралық аймақ болғандықтан төлқұжат режимі бар. Тәртіп қатаң. Жолаушылар пойызы 1,5 сағат аял жасап, толық тексерілуден өтеді. Жүк пойыздары да қатаң күзетіледі. Іргелес аграрлы аудандардың шаруалары астықтарын бізге сеніп тапсырады. Жүк тиеу ауқымы жыл сайын артуда. Тек әйелдер еңбек ететін ұжым болсақ та осы кезеңге дейін бірде-бір рет сөгіс алып көрген жоқпыз, ақау да орын алмады, – дейді Қарлығаш.

Әріптестері әзілдеп «әйелдер патшалығы» деп атайтын Ауылдың ұжымы 8 наурыз төл мерекелерін жылдағы дағдыға сай «Ақжол» дәмханасында атап өтуге той көйлектерін дайындауда. Бір мезгіл формаларын шешіп, қызыл-жасыл көйлек киіп, алқа-білезіктерін тағып, опа-далаптарын жағып... дегендей, өздерін бір сәт әлсіз де әдемі әйел сезінуді қай нәзік жан қаламас дейсіз...   

Қуаныш Қожаев, Семей 


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?