Бейнет түбі – зейнет

Аймақтар
07.03.2019, 12:57

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында өзінің саналы ғұмырын телімнің 16-бекетін өркендетуге арнаған Назым Қыдырғалиқызы Жаулыбаева бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отыр.    

Биыл алпысқа толатын Назым сонау Атыраудың Мақат станциясында дүниеге келіпті. Қыдырғали ақсақал мен Қымбат әжейдің отбасында туылып, екінші анасы Мадинаның тәрбиесін алып, қос ананны тел еміп өскен Назым бала күнінен теміржолшы болуды армандайды. Ертелі-кеш станциядан ерсілі-қарсылы жүріп жататын құрамалар тізбегі бала қиялын өсіріп, теміржолшылар мектебінен түлеп ұшқан қызды осы саланың маманы болуға жетелеген екен.  

– Мектеп бітірген соң теміржолшылардың қысқа мерзімді курсына түсіп, алты айдан соң Мақат станциясына жүк вагондарының нөмірін жазатын тізімші, онан кейін салмағын есептейтін оператор болып жұмыс жасадым. Басшылыққа жасаған жұмысы ұнаса керек, станция кезекшісі болу үшін 1980 жылдары Орал қаласына арнайы курс оқуға жіберді, – дейді өткен жастық шағы жайлы әңгімелеген Назым апай.

Орал қаласында оқып жүріп қызылордалық жас жігіт Омар Жақыпұлын кездестірген Назым апайымыз сөздері жарасып, өзінің қалай сырбойындағы теміржолшылар әулетіне келін болып түскенін байқамай қалғанын айтып күледі. Оқудан екеу болып оралған жастардың тойы аймақтағы 8-бекетте тойланыпты. Той өткен бойда ерлі-зайыптыларды сол кездегі дистанция басшысы жұмысқа орналастырады. Жолдасы дистанцияның СОБ механигі әрі біріктірілген станция басшысы болса (ол заманда кейбір шағын бекеттер біріктіріліп келесі станцияларға қарайтын), жас келін Назым апай электромонтер болып тұрады.

Алғаш жұмысқа орналасқан кезде дистанцияның тәжірибелі мамандары Мұрат Бекішов, Болатбек Мәліков, Орынбасар Қалмағанбетов тәлімгерлік жасап, саланың қиын шаруасын меңгеріп кетуге жәрдем бергенін ұмытпаймын. Осы күнге дейін сол кісілерге алғысым шексіз, олардан көп нәрсені үйрендім. Біздің 16-бекеттегі 2876 мен 2884 шақырымдар арасындағы байланыс, белгі беру құралдарының технологиялық талапқа сай жұмыс жасауын қадағалау маған жүктелді. Барлық жұмысты қолмен атқаратынбыз, қазіргідей технология ол кезде тапшы болатын. Дистанция басшылығының тапсырмасы бойынша бекітілген жұмыстардан бөлек, станция кезекшілерімен үнемі байланыста болып жұмыс жасаймыз. Күнделікті бекеттің солтүстігі мен оңтүстігін аралап қарап шығу, онан кейін бекітілген сегіз шақырымдағы байланыс құрылғыларының күнделікті бабын жасау кәсіби міндетіме айналды, күн-түн демей еңбек еттім. Шүкір одан жаман болғаным жоқ, абыройым өсіп, мақтау естідім, – дейді Назым апайымыз.  

Бекеттегі байланыс аккумуляторларына су құю, бағыттамалық бұрма арасындағы түрлі өлшемдерді алып тексеру, тіпті бекет кезекшісінің алдындағы табло мен пульт тетігіндегі жарықтардың қажет кезінде жанып-өшіп тұруына дейін бақылауда ұстау - дистанция электромонтерлеріне жүктелген жұмыс екен. Аз уақытта тәжірибе жинап, жұмысын дөңгелетіп әкеткен Назым апайымызды дистанция басшылығы көп ұзамай 16-бекетке ауыстырыпты. Осы станцияда дистанцияның барлық жұмысын атқарып, зейнет жасына жеткенше еңбек еткен Назым Қыдырғалиқызы құдай қосқан қосағымен екеуі төрт бірдей ұл мен қызды болып, оларды азамат етіп ел қатарына қосыпты.

Қазіргі таңда бекеттен зейнетке шыққан анасының жұмысын ұлы Асылбек жалғастырып, электромонтер болса, тағы бір ұлы Асқар 15-бекеттің кезекшісі.    

Зейнетке шыққан соң қалаға қоныс аударғанмен, кең далаға үйреніп қалған, қолы қалт етсе, бекеттегі балалары мен немерелеріне асығады екен. Мереке қарсаңында Назым апайға хабарласқанымызда, 16-бекетке кеткенін білдік... 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда 

Суретті түсірген Өмірбай Түменбай


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?