Арманы асқақ ару

Аймақтар
07.03.2019, 13:06

Аина теміржолға кездейсоқ келгендердің қатарынан емес. Бала күнінен теміржолшылар формасына қатты қызығатын ол тоғызыншы сыныпты тәмамдаған соң Тараздағы теміржол колледжінің студенті атанып, арманына бір табан жақындай түсті.

 – Мамандық таңдау – бұл әрбір саналы адамның он ойланып, жүз толғанып қабылдайтын түпкілікті шешімі. Ол – оның ертеңгі болашағы, нәсібін теретін тыныс-тіршілігі. Сондықтан, әр адам мамандығын өзі таңдауы керек, – дейді бүгінде 25 жастағы жас теміржолшы Аина.

Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжін «Темір жол көлігіндегі тасымал және қозғалысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген соң Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі басшылығының біліктілік сынағынан өтіп, жұмысқа қабылданған күн әлі күнге есінде. Сондағы қуанғаны, ал жұмыс беруші жақ оны алдымен Астанадағы көліктегі технология орталығына дуальді жүйемен екі апталық білім алуға жібергені, қиялымен өзін жарқ-жұртқ еткен форма киіп жүрген нағыз теміржолшыдай сезініп, арманы алып ұшқан...

Бас қаладан қосымша біліммен «қаруланып» келген жас осылайша 2013 жылдың қазан айында болат жолдың бойындағы қайнаған тіршіліктің ортасына қойып кетеді. Басшылық оны Аса станциясына жүк қабылдап-тапсырушы етіп жібереді. Міне, содан бері осы жұмыстың көрігін қыздырып, абыроймен еңбек етіп келеді.

– Темірдей тәртіпті талап ететін темір жол саласына бірден «тастай батып, судай сіңдім» десем, өтірік болар еді. Жүрегім қалаған кәсіп болғанмен, алғашында қиналып, қоңылтақсып, біраз толқығаным рас. Ұжымдағы әріптес аға-әпкелерімнен ақыл алып, үйренгенім көп болды, бүгінде едәуір тәжірибе жинап өсіп келемін. Мамандығымды шын мақтан ететмін, – деді Аина ағынын жарылып.  

Талапшыл жас бір орында тұрып қалмай, 2014-2016 жылдары Алматыдағы М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникация академиясының «Тасымалды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқуын жалғастырып, жоғары білімге қол жеткізіпті. 

– Болашақта да қажет болып жатса, білімімді толықтырудан қашпаймын. Өйткені, еңбек жолымда осы саланың мүмкін болған белестерін бағындырғым келеді. Болашақта «Қазақстан темір жолы» компаниясының орталық аппаратында жұмыс істеуді армандаймын, – деп арманымен де бөлісті ол.

Осындай жасқа тән жігері мен құлшынысы арқасында былтыр «Жас кәсіби маман» байқауында жылдың жас маманы номинациясы бойынша үздік атанып, арнайы дипломды Астанада өткен салтанатты жиында еліміздің тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің өзі табыс еткені арманшыл аруды ерекше қанаттандыра түскені анық. Осы сапарында көптеген сырлас достар тапқанын зор мақтанышпен жеткізген кейіпкеріміз жастарды теміржолшы кәсібін меңгеруге шақырады.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ,

Тараз

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?