Базалық реанимация дегеніміз не?

Аймақтар
12.03.2019, 16:02

Өмірде адамдар әр түрлі жағдайларға тап болып жатады: ауырып қалады, жүрек талмасы ұстайды, қан қысымы көтеріліп кетеді, т.б. Осындай жағдайда «Жедел жәрдем» келгенше не істеу керек, жаныңдағы адамға медициналық көмек көрсете білеміз бе? 

Міне, жуырда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – «Атырау жүк тасымалы» бөлімшесінде өткен шара осыған арналды. Бөлімше басшылығының және облыстық жедел жәрдем станциясының бірлесе ұйымдастыруымен «Базалық реанимация» тақырыбында ауырған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары теміржолшыларға көрнекті түрде көрсетілді.  

Шараға станциялар, жол, байланыс дистанциялары, вагон, локомотив депосы, басқа да құрылымдық бөлімше жұмысшылары мен қауіпсіздік инженерлері, барлығы 200-ге тарта адам қатысты. Шараны ашқан бөлімшенің бас инженері Бауыржан Картан жұмысшылар үшін бұл шараның маңыздылығын айта келе, дәріс беруші дәрігер-мамандарға игі ниеттері үшін алғысын білдірді.

Атырау облыстық «Жедел жәрдем» станциясы бастығының орынбасары Н.Баймолдаева өңірдегі қазіргідей экология нашар кезде адамдардың кенеттен жүрегі ауыру, қан қысымы көтерілу, не басқа да жағдайлардың жиілеп кеткендігін айта келе, сондай кезде оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, яғни, «жедел жәрдем» келгенге дейін базалық реанимация жасау қажеттігін түсіндірді. Станция фельдшерлері арнайы манекенді пайдаланып, ең әуелі ауырған адамды шалқасынан жатқызу, тынысын тыңдау, тамыр соғысын білу қажеттігін, науқастың кеудесінен басып дем беріп, мұрнын жауып тұрып, сонан соң аузынан ауа жіберіп үрлеу қажеттігін көрсетті.

Осы жайттарды қатысушы теміржолшылардың өздеріне де жасатып көрді. Ал, станцияның кардиологиялық бригада дәрігері Л.Жанысбаева адам ауырған кезде оның ішкі органдары қайсысы қалай жұмыс жасайтынын не жасамай қалатынын айтып, адамды оңалтып жіберу үшін қалай әрекет ету тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондай-ақ ол сәбилер тиын не түйме, не дәрі жұтып қойса, не істеу қажет, ересек адамның жүрегі тоқтап қалса, қан қысымы жоғарыласа немесе көлік апатына ұшырағанда не істеу қажеттігін де тәптіштеп манекен арқылы көрсетіп, түсіндірді. Айтқандай, осы биылғы жылдың өзінде, алғашқы екі айда өңірде дәрі жұтып қойған үш сәби шетінеп кетіпті. Дәрігерлердің айтуынша, қайғылы жағдай ата-ана тарапынан дәріні дұрыс ішкізе білмеу және дер кезінде алғашқы көмек көрсете білмегендігінен болған. Сондықтан адам өмірін сақтауда алғашқы көмектің мәні зор екенін баса айтты дәрігер.

Теміржолшылар білікті дәрігерлердің бұл сабағы өздері үшін өте маңызды болғанын айтып, ақ халаттыларға алғыстарын білдірді, сонымен қатар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қанықты жауап алды.

Маңызды шара соңынан қарапайым жағдайда әр түрлі аурудан адам өмірін сақтап қалған мысалдар арқау болған танымдық бейнекөрсетілімдер көрсетілді.

Қосұйым Мұқашев, Атырау



Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?