Пойыздан сақтан, адамдар...

Аймақтар
13.03.2019, 11:11

«Теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ» дегенді теміржолшылар айта-айта жауыр болды десек, артық айтпаймыз. Теміржол бойындағы қауіпсіздік теміржолшылар үшін ең үлкен «бас ауруға» айналғалы қашан.    

Жалпы, темір жол қызметкерлері, барлық станция басшылары тұрғындарға қанша жерден темір жолдың қауіптілігі жоғары аумақ екенін ескертіп, түрлі шаралар қолға алғанымен, оқыс оқиғалар азаймай келеді. 

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметі бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы аймақтағы теміржол бойында адамдардың пойыз астына түсіп қалған 9 оқиға болған екен. Оның бесеуі адам өлімімен аяқталған. Пойыз қаққан тоғыздың екеуі – кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Ал аман қалған бір азаматтың оң аяғының табан сүйектері мен сол аяғының екі башпайын кесуге тура келіпті.

Биылғы екі айдың ішінде екі адам пойыздың астына түсіпті. Өкінішке орай, бұл екеудің біреуі алған ауыр жарақатының салдарынан қайтыс болған.

22 қаңтар күні Тараз-Шу учаскесінің Ақшолақ-Ақыртөбе перегонында машинист Өскенбаевтың басқаруындағы №2228 жүк пойызы әдеттегі 70 шақырым/сағат жылдамдығымен жүйіткіп келе жатқан. Кенет машинист қарсы алдында тұрған адамды көріп, шұғыл тежегішті басады. Бірақ, екпінмен келе жатқан пойыздың жылдамдығы секунд сайын төмендегенімен, өміріне қауіп төніп тұрған жігіт жақындап келе жатқан ажалдан қаша қоймапты... Мамандардың айтуынша, 1985 жылы туған бұл азамат осылай өз-өзіне қол жұмсаған көрінеді.

Ал екінші оқиға 7 ақпан күні болып отыр. Машинист Аширов басқарып келе жатқан №3207 пойыз кешкі сағат 19.49 шамасында Луговое станциясындағы адам жүретін өткелдің жанынан өтіп бара жатып кілт тоқтауға мәжбүр болған. Сөйтсе, 1994 жылы туған Б. есімді бойжеткен темір жолдың арғы бетіне өту үшін жол қысқартпақ болған сәтінде келе жатқан пойызды байқамаған... Абырой болғанда, пойыз қаққан қыз аса ауыр жарақат алмапты. Жедел жәрдем қызметі оны Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына шұғыл жеткізіп, дәрігерлердің көмегімен аман қалды.

– Темір жол бойында мал және адам қағу оқиғалары қайталанбас үшін оның алдын алу мақсатында былтыр 236 түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның ішінде 2585 адамды қамтыған 75 оқу орнында болып, қауіпсіздік тұрғысында кездесулер өткіздік. Одан тыс темір жолдан өту ережелері, сақтық шаралары сынды ақпараттар топтастырылған жаднама таратып, әлеуметтік бейнеролик көрсету жұмыстары да жүргізіліп келеді. Көліктегі полиция, әскерилендірілген темір жол күзеті қызметкерлерімен бірлесе 58 рейд өткізіліп, 69 заңбұзушылық анықталды. Олар бойынша 58790 теңге айыппұл салынды, – дейді қозғалыс қауіпсіздігі қызметі бөлімінің басшысы Бақытжан Айтқұлов.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, Жамбыл


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?