Кран машинисі

Аймақтар
15.03.2019, 11:10

Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесіне қарасты Шалқар қалпына келтіру пойызында кран машинисі болып еңбек ететін Серік Исатай «теміржолдың жедел жәрдемі» атанған ерекше мақсаттағы пойыздың қызметін жоғары бағалайды. 

Жол бойында апатты жағдайлар орын алып, мысалы жылжымалы құрам жолдан шығып, құлауы мен күйреуі, табиғи апаттар салдарынан бүлінуі немесе өрт шарпыса, осы оқыс жағдайлардың салдарын жою, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін оқиға орнына алғашқы болып ұшып жететін – қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары.

– Сондықтан, қирағанды қалпына келтіріп, бұзылғанды түзейтін, қайырым мен көмек, ізгілік жасайтын ерекше миссия арқалаған ұжымда еңбек етудің өзі морольдық тұрғыда адамды ерекше қанағаттандырады десем, біреу сенер, біреу сенбес. «Пәлен жерде апат болып, пойыз құлады» деген хабар жетсе, бүкіл құрам асай-мүсей, ауыр техникамызды алып ұшып барамыз да тез арада апаттың зардабын жоюға жедел кірісеміз. Санаулы уақыт өткенде құлаған вагондарды тұрғызып, бүлінген жолды қалпына келтіріп, пойыздар қозғалысына жол ашқан кезде шаршағанымызды ұмытып, рахаттанып қаламыз, – дейді Серік Жолдасұлы.

 Айтпақшы, осы №6 Шалқар қалпына келтіру пойызында отыз жылға жуық еңбек етіп келе жатқан кран машинисі осы ұжымның кәсіподақ ұйымын да басқарады. Сондықтан осында еңбек ететін 28 адамның әрбірі ол үшін тонның ішкі бауындай етене таныс, өзін олардың тағдырына жауаптыдай сезінеді кейде.

Қазір ұжымда техникалық база жақсы жарақтандырылған, мұнда жүк көтергіш ЕДК -100/2 – 125тн,ЕДК – 500 80 тонналық крандар, Т-330, ДЭТ-250 маркалы алып тракторлар, жүк көтеретін домкраттар, хэш маркалы 120 тоннаға дейін көтеретін гидравликалық домкрат және де басқа қажетті құрал-жабдықтармен жеткілікті қамтамасыз етілген. Ал осы жерде алды 20-30 жыл, соңы 5-10 жыл еңбектеніп келе жатқан өз ісінің мамандары: шеберлер Қ.Самбаев пен Ж.Жалғасбаев, трактор жүргізуші Б.Әлмұратов, дәнекерлеуші Ә.Есеев, кран машинистері О.Қожахметов пен Ж.Ақмамбетов, жүк ілуші М.Мақашев сынды азаматтардың қай-қайсысы болсын құрметке лайық. Ұжымды осы салада еңбек жолын жұмысшыдан бастап сатылай көтерілген Б.Әжіғұлов басқарады.

Басшылық пен кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен ұжымда түрлі спорттық сайыстар, мерекелік мәдени шаралар көп өтеді. Былтыр сала кәсіподағының 25 жылдығына орай өз күштерімен волейболдан спорттық жарыс ұйымдастырып, барлық темір жол мекемелерін шақырды, жеңімпаздарға арнайы жүлде тағайындады.

Осындай қоғамдық және мәдени іс-шаралардың бел ортасында ұйымдастыру жұмыстарымен шапқылап Серік Жолдасұлы жүреді. Азаматтың еңбегі елеусіз қалған жоқ, сала кәсіподағы басшысының Алғыс хатымен, «КТЖ» ҰҚ» АҚ президенті А.Маминнің бұйрығымен «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен марапатталған.

Серік Жолдасұлы кәсіподақ – қоғамдық жұмысым деп біледі, ал негізгі кәсібі – кран машинисі екенін мақтанышпен айтады. Сонау өткен ғасырдың 80-жылдарының басында кран жүргізуші мамандығын Кеңес кезінде мекеме жолдамасымен Белоруссияда оқып, ал теміржол краны машинисі мамандығын Ресейдің Челябі облысы Троицк қаласында оқып алғанын есінен шығармайды. Қалай есінен шығарсын, қырық жыл нанын жеп отырған сүйікті кәсібі болса...

Міне, осы наурызда асқаралы 60 жасқа толып отырған Серік Жолдасұлының сыры да, шыны да осы. Жары Гүлсара екеуі төрт бала өсіріп, олардан бүгінде немере сүйіп отырған ата мен әже болса да, дені сау болып тұрса, әлі де еңбектене бермек...

Даниял ХАМИТ, Шалқар


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?