Әуесқой балықшылар жарысы

Аймақтар
05.04.2019, 14:20

Жуырда шығыстағы Шүлбі су қоймасына қарасты Қызылсу өзенінде мән-мағынасы ерекше сайыс – балықшылар жарысы өтті. Күллі облыс көлеміндегі әуесқой балықшылар қатысатын аталмыш байқауға Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары да қатысып, бақ сынады. 

Бұл жолғы облыстық чемпионатқа әр қала, әр ауданнан жиналған жалпы саны 22 команда қатысып, өзара шеберлік сынасты. Ойынның шарты сол, мұз астынан балық аулау,шыдамдылық таныту, аз уақыт ішінде мол өнім жинау болатын.

Аталмыш сайысқа теміржолшылар қауымын команда капитаны, Жаңа-Семей жол дистанциясының бастығы Мұрат Мамырбаев бастап барды. «Балықшы балықшыны алыстан таниды» демекші, балық аулау хоббиына айналған жігіттер бірін бірі білетін болып тұр ғой, аймақтың әр түкпірінен жиналған балықшылар теміржолшылар командасын құрып жіберді.

– Мұз астынан балық аулау үлкен төзімділікті талап етеді. Сол себептен табиғат аясында демалудың бұл түрі де спортқа жатқызылады, әзірше мұз ерімей тұрып өткізіліп жатқан ерекше сайысқа қатысып бағын сынаушылар қатары көп болғаны өңірде балық аулау хоббиіне айналғандар мол екені білдіреді, – дейді Мұрат Мамырбаев.

Аталмыш облыстық чемпионат барысында теміржолшылар тарапынан сынға түскен Мейрамғазы Абдельдинов, Жұмабек Әлімбеков, Асқар Найманбаев, Саят Мұсағазинов сынды әуесқой балықшылар шеберлігіне көпшілік тәнті болды. Бірінің қармағын тек ірі көлемді сазан балықтар қапса, енді бірі кіл майшабақтан бірнеше килограмм жинады. Соның нәтижесінде теміржолшылар қауымы 22 команда арасында жүлделі 4-ші орынды жеңіп алды. Жалпы, «Ең ірі балық аулаушы», «Ең алғаш қармағын балық қапқан балықшы», т.б. аталымдар бойынша арнайы жүлделер табыс етілді. Бұл ретте осынау облыстық чемпионатқа тұңғыш рет қатысқан ПЧ-40 мекемесінің механигі Асқар Найманбаев «Биатлон» номинациясы бойынша жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?