Шымкент жол дистанциясында көктемгі тексеру жұмыстары жалғасуда

Аймақтар
18.04.2019, 11:00

Шымкент жол дистанциясында көктемгі тексеру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Дистанцияға қарасты жолдар мен жер төсемдері, жасанды құрылыстар, жол құрылғылары мен өндірістік-техникалық ғимараттар түгел тексерілуде.

Шымкент жол дистанциясының бастығы Н. Әлиевтің және орынбасары мен бас инженердің төрағалықтарымен, 1, 4, 6, 14 комиссиялар құрылып, околоткаларда жұмыс істеп жатыр. Комиссиялар құрамына өндірістік оқыту шебері Б.Бейсенов, инженер-электронщик Д.Саматұлы, құрылыс шебері Е.Бегажанов, жетекші инженер Д.Өмірбаева, телім басшылары Б.Маденов, К.Халымбетов, Е.Алдашев, А.Теңізбаев, техниктер А.Әлімбайқызы, Г.Омарова, М.Досқараева сынды мамандар енді.

«Көктемгі тексеру кезінде еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі жағдайлары тексеріліп, белгіленген нысанда акт рәсімдедік. Анықталған ақауларды жою, қисықтарды техникалық шартқа сәйкес келтіру бойынша іс-шаралар дайындап, кесте түздік. Анықталған ақауларды уақытылы жою жауапкершілігі комиссия төрағаларына жүктеледі. Толық қорытынды 8 мамырда белгілі болады», – деді жетекші инженер Дана Өмірбаева.

Көктемгі комиссиялық тексеруде сонымен қатар рельс тізбелерінің, ажыратқыш түйіспелердің жағдайлары, инженерлік құрылыстардың, жер төсемінің жағдайы да назарға алынуда. Әсіресе, техниктер өздеріне қатысты айналымдарда жарамсыз шпалдар тізбесін, саңылаулардың өлшемдер тізбесі, қисықтықтардың өлшемдері, жарамсыз білеулер, бекітпелер жағдайы, тағысын тағылар негізінде есептер жасап, қауіптің алдын алуды қамтамасыз етеді.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді