Саураннан Шиелі станциясына дейін: Қызылордада көктемгі тексеру басталды

Аймақтар
23.04.2019, 17:06

Қызылорда жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшелерінің басшылары Аманкелді Арысбаев пен Ибраким Басықараев бастаған комиссия көктемгі тексеру жұмысын аймақтың оңтүстігіндегі шекарасы Сауран станциясынан бастап, Шиелі станциясына дейін жетті. 

Осы аралықтағы әр станция мен бекетке тоқтап, ондағы ахуалды көзбен көріп електен өткізген комиссия алғашқы күндері Сауран мен Белкөл станциялары арасындағы теміржол нысандарын мұқият тексерді. Жалпы жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру, сол шараларды іске асыратын теміржолшыны – басты құндылық деп бағалайтын қауым бұл науқанды аса ыждағаттылықпен өткізуге ертеденақ мән береді. Биыл да ешбір нәрсені көзден таса қалдырмай тексеріп, анықталған қиқымдай кемшілікті хаттап құжатқа салды. Сонымен қатар тексеру барысында әр станция мен бекеттерде теміржолшылардың еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталу жайы көзден өткізіліп, мекеме ғимараттарының техникалық ахуалы, өндірістік және еңбек тәртібі, жасанды құрылыстар мен желілік құрылым нысандары сыннан өткізіліп, теміржол төсеніштері қабатының шыдамдылығына бақылау жасалды. 

Кеше Шиелі станциясында тексерудің алдын ала қорытындысы жасалып, анықталған кемшіліктер сарапқа салынды және олардың жойылуына уақыт белгіленіп, тиісті құрылымдарға тапсырмалар берілді. 

– Мұның бәрі пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру, теміржолшының еңбегінің қорғалуына бағытталған жұмыстар. Сонымен комиссиялық тексеру жұмыстары Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімінде, онан әрі Сексеуіл-Қызылорда учаскелерінде жалғасын тауып, алдағы уақытта осындай қорытынды тораптық жиындар Сексеуіл, Қазалы және Қызылорда станцияларында өткізілетін болады, – деп ақпарат берді Қызылорда ЖТ бөлімшесі техникалық бөлімінің бастығы Жарқынбек Рсымбетов. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді