Телім бойы түгел назарда

Аймақтар
28.04.2019, 10:32

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша ағымдағы жылдың басынан бері айрықша қолға алынған шаралардың бірі – ауа-райын болжап, оған байланысты орын алатын табиғаттың тосын жайттарының алдын алу және соған орай жұмыс жүргізу болып отыр.

Оған өткен жылғы көктемгі мезгілде өңірдегі орын алған табиғи техногендік апаттар да орынды себеп саналады. Жалпы, ел шығысы ауа райының құбылмалығымен ғана емес, геологиялық һәм гидрометерологиялық ахуалдың күрделілігімен де ерекшеленетін аймақ. Міне, осы орайда теміржолшылар арасында «ыстық нүкте» аталынып кеткен НЖС-6 диспетчерлік бөлімі қызметкерлері аса зор жауапкершілікпен еңбек етуде. Мысалы, күллі Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша әр телімдегі ауа райы жағдайы диспетчер Рахат Мусаиновтың «алақанында» десе де болғандай. Қарсысындағы таблода әрбір станциядағы ауа температурасы мен желдің жылдамдығы, тіпті телімдер бойындағы өзен-көлдердегі су деңгейі де толықтай көрсетілген. Осыған қарап, пойыз қозғалысы, телімдердегі то-ласкездер уақыты реттеледі. Рахаттың тағы бір міндеті, желі бойындағы теміржолшылардан жылдам аралықта мәліметтер жинап, басшылық пен тиісті бөлімдерді мезгілінде ақпараттандырып отыру. Пойыз қозғалысында мұндай шараның маңызы зор.

– Жалпы НЖС-6 бойынша телімдердегі ахуал біршама күрделі саналады. Мәселен, Жарма – Шар телімінде жел дәлізі өтуі себепті дауыл аяқ астынан әрі жиі соғады. Жылдамдығы секундына 25-28 метрге жететін, атан түйені құлататын жел әсіресе бос келе жатқан контейнерлік пойыздар үшін қатер төндіреді. Ондай жағдайда жедел өкім беру арқылы жылдамдыққа шектеу қоямыз. Сол тәрізді Алтай – Серебрянка телімінде жер тербелісі жиі тіркелетіндіктен сел жүру, топырақ жамылғысының жылжу қаупі жоғары. Сондай-ақ, желі бойын су шаю мүмкіндігі жоғары аймақтар да бар. Дегенмен, жолшылардан, қажет жағдайда локомотив бригадаларынан жылдам хабар алу нәтижесінде әрі ауа райына қатаң бақылау жүргізу арқасында тосын жайттарға жол бермей келеміз, – дейді жас маман Рахат.

Басты қадағаланатын нысандар – бағыттамалы бұрмалардың қауіпсіздігі. Бұл әсіресе қысқы мезгілде ерекше назарға алынады. Ал, көктемде рельстерді су шаю қаупі жоғарылай түседі. Бұл орайда тәулігіне бірнеше мәрте барлық телім бойындағы жолшылардан мағлұматтар жиналады. Тосын жайт туындар болса, теміржолшылар басшылық келісімімен бірден стандартты емес жағдайда жұмыс істеуге көшеді. Десек те, сала мамандары табиғат жағдайына толық бейімделген.

Магистралдық желі бөлімшесінің диспетчерлігі бойынша барлық жол дистанцияларының жұмыс барысы қатаң қадағалауда тұрады. Жол машиналарын желі бойына шығару уақыты, толаскездер, қумажолдардағы қозғалыс барысы барлығы да әр минутына дейін ауа райына байланысты есептелген. Айта кетерлігі, ауа райы тымық, жайлы болған күннің өзінде де телімдердегі температура мен жел жылдамдығы әр үш сағат сайын жазылып алынып, тиісті құжаттарға тіркелінеді екен.

Мысалы, ай басында қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан: «Сәуір айының алғашқы және екінші онкүндігінде ұзақ мерзімді жауын-шашын мен температураның күрт жоғарылауына байланысты өзендер арналарының артуы болжануда. Осыған байланысты Шүлбі су қоймасынан көлемді су жіберілуі мүмкін. Жақын орналасқан барлық тұрғындар мен кәсіпорындар өкілдерін ықтималдығы жоғары эвакуацияға дайын болуларын сұраймыз» деген ескертпе келіп түсіпті. Өз кезегінде Рахат бірден қимылға көшіп, Ертіс бойына жақын орын тепкен, күзетілетін жол өтпелеріне, жолшылар бригадаларына қоңырау соғып бастаған...

Қуаныш ҚОЖАЕВ

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады