Қызылордада жаз маусымына дайындық жүргізуде

Аймақтар
28.04.2019, 11:35

Теміржол вокзалы – кез-келген елді мекеннің, қаланың қақпасы саналатын маңызды нысан. Оның сәулеті мен сәні, ондағы көрсетілетін қызмет сапасы жолаушының сол қала, тіпті сол ел туралы алғашқы түсінігі мен көзқарасының қалыптасуына себеп болатыны рас. 

Вокзал ғимараттарын жаңғырту, ондағы қызмет сапасының талапқа сай болуын арттыру жұмыстары теміржолда тұрақты жүргізілетіні белгілі. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты вокзалдар да жазғы жолаушы тасымалына дайындық жүргізуде. Қызылорда, Арал теңізі, Жосалы және Төретам станциясындағы вокзал ғимараттарының іші-сырты ағымдық жөндеу жұмыстарынан өткізілген. Ал көктемнің алғашқы айы басталысымен аймақтағы Сексеуіл, Қазалы, Шиелі және Жаңақорғандағы теміржол вокзалдары мен перрондар, платформалар вокзал шаруашылығы бөлімінің өз қызметкерлерінен жасақталған құрылыс-жөндеу бригадасының күшімен ағымдық жөндеуден өткізіліпті. Жөндеу жұ-мыстары ая сында ғимараттың ішкі-сыртқы хас беттерін ақтау, ішкі бөлмелерінде сылау, сырлау жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар алдағы күндерде ғимараттардың айналасына да ағымдық жөндеу және абаттандыру жұмыстары жалғасады деп жоспарланып отыр.

– Теміржол вокзалы ғимараттарын ағымдық жөндеу жұмыстарын бөлімнің құрылыс-жөндеу бригадасы жүргізуде. Қызылорда, Арал теңізі, Жосалы және Төретам вокзалдары ағымдық жөндеуден өткізілді. Ендігі кезекте Қызылорда вокзалының айналасындағы ескірген тас төсемнің орнына жаңасын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Қажетті құрылыс заттары вокзалға жеткізілді. Сонымен қатар бөлімшенің оңтүстігіндегі Талап, Аққұм және Тартоғай станцияларындағы теміржол вокзалдарында жолаушылар платформаларына бетон төсеме төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Барлық ағымдық жөндеу жұмыстары бөлімнің құрылыс, жөндеу жұмыстарын жасайтын бригаданың күшімен жүргізілуде, сырттан қосымша күш жалданған жоқ, – дейді вокзалдарды жаңартып-жаңғырту жұмыстарын үйлестіруші бөлімше бастығының вокзал шаруашылығы жөнінде орынбасары Жандарбек Өтегенов.

Вокзалдардағы ағымдық жөндеу жұмыстары барысында Шиелі, Сексеуіл, Арал теңізі және Төретам вокзалдарының кіре беріс есіктерін жаңғырту жұмыстары да қатар жүргізілуде екен. Сонымен есік-терезесі жаңартылып, қабырғасы ақталып боялған, айналасы айнадай жарқыраған вокзал ғимараттары жазғы жолаушы тасымалына сақадай сай болмақ. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады