Алты жолмен шектескен Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі

Аймақтар
28.04.2019, 12:40

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі алты бірдей теміржол бөлімшесімен түйіседі екен. Әлімбет станциясы арқылы Ресей федерациясының Оңтүстік Орал темір жолымен шектессе, Сағыз станциясы арқылы Атырау бөлімшесімен, Сексеуіл станциясы арқылы Қызылорда бөлімшесімен, Әйтеке би станциясы арқылы Қостанай бөлімшесімен, Жайсаң станциясы арқылы Орал бөлімшесімен және Тассай станциясы арқылы Маңғыстау бөлімшесімен шектеседі.

Ақтөбе темір жолы құрылымы жағынан ең үлкен бөлімше, ірілі-ұсақты 96 бөлу пункті бар. Бөлімшеде 11 диспетчерлік айналым жұмыс жасайды. Ондағы мамандардың 80-90 пайызы жастар. Бөлімшедегі бүкіл қозғалыстың жүрегі саналатын жедел реттестіру бөлімі станцияға келген жүк пойыздары мен жолаушы пойыздарын үйлестіріп отырады. Тиелген жүктерді қабылдап, пойыздарды құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Бөлімше биылғы жылдың 3 айын жоспарға сай қорытындылап отыр. Жүк айналымы көрсеткіші 100 пайыздан асып, тасымал көлемі артқан. Соңғы кезде әсіресе, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Бершүгір, Мұғалжар, Кемпірсай станцияларынан қиыршық тас тиелімі артып отыр екен. Еліміздің Батыс өңіріне күніне жүздеген вагондар жөнелтілуде.

«Жыл жақсы көрсеткішпен басталды. Жүк айналымы жоспар бойынша 101 пайызды құрап, 4 млрд 644 млн ткм жүк жоспардан артық тасымалданды. Жүк тиеу жоспар бойынша 100,6 пайызбен тәулігіне 3 млн 919,8 мың вагон жүк артығымен тиелді. Динамикалық жүктеме орындалған жоспар 103,7 пайыз. Статистикалық жүктемеде жоспар 100,3 пайызға жетіп отыр. Жүк түсіру тәулігіне 275 вагонды құрады. Вагон айналымы жоспар бойынша 100 пайызға жетіп, вагонның орташа айналымы 2,12 тәулікті құрап отыр. Жүк вагонының тәулігіне орташа өнімділігі 104,5 пайызға жетіп отыр. Локомотивтің тәулігіне орташа өнімділігі 2130 мың тонна км, ал пойыздың орташа салмағы 102 пайызбен тәулігіне 3241 тоннаны құрап отыр. Бүгінгі таңда 50 жүк пойызы қабылданып, 50 жүк пойызы тапсырылуда», – дейді Ақтөбе ЖТ бөлімшесі жедел реттестіру бөлімі басшысының орынбасары Әділет Матеуов.

Бөлімше қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуден де алда. Жұмыс орындары түгелдей аттестацияланып, жұмысшыларға қолайлы жағдай жасалған. Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында АСУ ДКР, АСУ ЭДТ сынды озық бағдарламалар енгізіліп, бөлімше жұмысының тиімділігін арттыруда екен. Өткен жылы бөлімше бойынша 56 км жол күрделі жөндеуден өтсе, биылғы жылға 24 км жол күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отырған көрінеді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады