Теміржол жұмысын жақсартатын Атырау теміржолшысының ұсыныстары

Аймақтар
28.04.2019, 14:47

Ғылым мен техника қарыштап дамып жатқан заманда өндіріске инновациялық жобаларды енгізу өзекті болып отыр. Сондықтан өнертапқыштар ұсынысына мемлекет тарапынан қомақты қаржы да бөлініп, өндіріс мамандарының инновациялық жобаларын ұсынуына мол мүмкіндік жасалып отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Жаңалықтарды енгізу, озық тәжірибені насихаттау, рационализаторлық әрекет жөніндегі іс-шаралар туралы» бұйрығына сәйкес өңірлерде осы бағыттағы жұмыстар қарқын алып келеді. Оған бір жағынан бұрынғыға қарағанда ұсыныстардың қаралуына кететін уақыттың қысқаруы мен материалдық ынталандыру көлемінің өсуі де ықпал етуде. Атырау магистральдық желі бөлімшесінде өнертапқыштыққа белсене атсалысып, ерекше жобаларымен аталып жүрген теміржолшылар қатарында Жарасқан Сауровты айрықша атауға болады. Еңбек жолын 2002 жылы жол монтері болып бастаған, Көлік академиясын бітірген маманның жол шаруашылығы саласында білмейтіні кемде кем. Біраз жыл жол инженері, автоматтандырылыған жүйені басқару инженері, Ганюшкино дистанциясының жетекші инженер-технологы болып жұмыс жасады. Содан кейін Атырау жол дистанциясына диагностика бөлімінің бастығы болып ауысып, абыройлы еңбек етті, мол тәжірибе жинақтады. Қазіргі уақытта Атырау магистральдық желі бөлімшесінде жол бөлімінің бастығы.

«Бала кезімнен бірге бірді жалғап, бір нәрселерді ойлап шығаруға әуес едім, өскесін сол әдетім қалмай, теміржолда өнертабыстыққа көрсетіліп отырған қолдау мені ерекше қанаттандырып, жұмысқа құлшына кірістім. Жаңалық енгізу ұсынысы да мен үшін қызықты. Әр салада жұмыс істегендіктен қай жерде қандай әдіс қолданған дұрыс екенін жақсы білемін. Сондықтан менің рационализаторлық ұсыныстарым өндіріске қажетті болғанын алдыңғы орынға қоямын, әйтпесе оның несі ұсыныс?» дейді ол. Жарасқан соңғы 2 жылда 9 рационализаторлық ұсыныс жасап, олардың бәрі орталықтағы комиссиямен мақұлданыпты. Атап айтқанда, олардың ішінде уақытша қорғандарды орнатуға арналған құрылғы, «Фосслоны» бекіту үшін кілт, рельсшпалды торкөзді төсеуге арналған металл рейка, рельстің түзулігін қамтамасыз ету қондырғысы, Р-65, Р-50 аралық болттарын бекітуге арналған гайкалық бұрау кілті, УАЗ, ГАЗ автомобильдерінің тежегіштері қызметін ұзарту, т.б. ұсыныстарының қайсысы болса да, қиюы келмей жүрген істің тетігін табады. Сонысымен құнды. «Жарасқан қай жұмысқа да жауапты қарайды, абыроймен атқаруға тырысады. Ал өнертапқыштық ұсыныстарының жоғарғы басшылық тарапынан қолдау тауып, марапат иеленуі бүкіл ұжымның мерейі», – дейді бөлімшенің бас инженері Сағын Сейілханов. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығы басшысы Әйгерім Бисұлтанованың айтуынша, филиалдарда рационализаторлық қызметке барынша қолайлы жағдай туғызылып отыр. Рационализаторлық қызмет Ережесіне сәйкес, қызметкерлерге моральдық қолдау көрсету үшін орталық «Үздік рационализатор» конкурсын өткізіп отырғаны белгілі.

Жарасқанның алдыңғы жылы 8 жұмысы, былтыр бір жұмысы үздік деп танылған. Нәтижесінде ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің 2018 жылғы №65-Ц бұйрығына сәйкес «Үздік рационализатор» төсбелгісімен марапатталып, №0027 куәлігі табыс етілген. Ынталандыра білген ұтады деген рас. Бұл оны қанаттандырып, ізденіске ұмтылдыра түскені анық. Ол биылғы жылы да жол жөндеу кезінде қол техникаларын тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізуді қарастырып жүр.

Қосұйым МҰҚАШЕВ

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады