Қызылорда теміржолшылары бұрынғы әріптестеріне барды

Аймақтар
29.04.2019, 14:41

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов пен еңбек қорғау және экология бөлімінің басшысы Ержан Нұрмашұлы бастаған топ еңбек қорғау күніне орай бұрынғы әріптестері Мұса Шәкиұлы Бегалиевтің отбасында болып, оның хал-ахуалымен танысып қайтты.

Адам баласының бейқамдығынан немесе жұмыс орнындағы жазатайым жағдайлардан түрлі келеңсіз жағдайға тап болуы – аса қауіпті аймақ саналатын теміржол саласында сирек болса да кездесетін жайт. 

Пойыз құрастырушы болып жұмыс жасап жүріп 2011 жылы жазатайым оқиғаға ұшырап, екі аяғынан айрылған Мұса Шәкиұлы Бегалиевті әріптестері тағдырдың тезіне жалғыз қалдырмай, үнемі жанынан табылып, қолдау көрсетіп келеді. Өткен жылы Ұлттық компания тарапынан жасалатын көмек аясында оған автокөлік алып берген болатын. Биыл да Мұсаны еңбек қорғау күні құттықтай барған әріптестері оның көңілін аулап, жанынан табылды. 

Мұса Бегалиев «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен бөлімше тарапынан берілуі тиіс көмектің бәрін алып келеді. Оның жыл сайынғы ем-домға қажетті қаржысы, әлеуметтік қолдау шаралары уақытылы өтелуде екен. Өзінің басына түскен ауыртпалықты бөлісіп, жанынан табылған әріптестеріне разылығын білдірген Мұса Шәкиұлы, қазіргі таңда жұмыста жүрген әріптестерінің мұндай бақытсыздыққа ұшырамауын тілейтінін жеткізді. Бес баланың сүйікті әкесі Мұсаның Қуаныш есімді ұлы әке жолын жалғастырып, Белкөл станциясында парк кезекшісі болып еңбектеніп жүр екен.

– Мұса Шәкиұлының басқаруына берілген автокөлік үшін ай сайын АИ-92 маркалы 75 литр бензин, дәрідәрмек алу үшін Ұлттық «ҚТЖ» ҰК» компаниясының ұжымдық шартына сәйкес қажетті әлеуметтік көмек беріліп тұрады, оның жағдайын үнемі назарда ұстап отырамыз, – деді бөлімшенің еңбек қорғау және экология бөлімінің басшысы Ержан Нұрмашұлы.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады