Коркол станциясы: Құркөл атауы қайтарылғанын қалайды

Аймақтар
04.04.2019, 11:58

Маңғыстау – Бейнеу телімі арасындағы Коркол станциясы Опорный бекеті бағытындағы 1092 шақырымда орналасқан 5-класты шағын бекет. Мыңға тарта халық тұратын станцияда 80-ге жуық теміржолшы әр салада еңбек етіп, теміржол көлігіне қызмет көрсетуде.

Бекет бастығы Ыдырыс Ысқақұлы, Коркол – малға да, жанға да жайлы жер, теміржолдың арғы бетінде де, бергі бетінде де өріс бар дейді. Бекетте 11 жылдық мектеп, балабақша, әкімдік және мәдениет үйі, теміржол мекемелері, 4-5 дүкен орналасқан, шағын болса да түтіні түзу шығып отырған ауыл. Станция кезекшісі Берік Қашкенов Коркол бекетінде 30 жылдан астам уақыт тапжылмай еңбек етіп келе жатқан байырғы теміржолшылардың бірі. Сонау 1990 жылы Коркол бекетіне кезекші болып орналасып, содан бері бір орында үздіксіз қызмет етіп келеді. Күнделікті бекет арқылы өтетін транзиттік пойыздарды қарсы алып, шығарып салып отырған ол станция үстінен күніне 10-нан астам жүк және жолаушылар пойызы өтетінін айтады.

– Мыңға жуық тұрғыны бар Коркол бе кеті Есет ауылымен іргелес сонау өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғында салынған. Бейнеу станциясынан Тассай станциясы арқылы бұрылып кететін Маңғыстау-Алматы жолаушылар пойызынан бөлек бұл жерден Астанаға, Ақтөбеге, Атырауға қатынайтын жолаушылар пойыздары және өзбек еліне қатынайтын пойыз өтеді. Соның ішінде Ақтөбе мен Атырау бағытындағы пойыздар Корколде 2 минуттай аялдайды. Менің жұмысым, жанжақтағы №461,463 бекеттер кезекшілерімен рация арқылы байланыса отырып, келе жатқан пойыздар туралы ақпарат алу, оларды қарсы алу, арнайы ДУ-2 журналына олардың келген, кеткен уақытын және әр пойыз бен оның соңғы вагонының номерін тіркеу, кеткені туралы пойыз диспетчері мен басқа да әріптестерге хабарлап отыру, – дейді станция кезекшісі.

Бекетте Беріктен бөлек тағы 3 кезекші бар. Пульт табло арқылы жұмыс істейтін олар шағын бекеттегі арнайы ЭЦ қосыны ғимаратында отырады. Мұнда олармен қатарлас вагоншы әріптестері бар. Ал бекет вокзалы өз алдына бөлек ғимаратта.

Станция бастығы Ыдырыс Қисмановтың айтуынша, Коркол атауының бастапқы нұсқасы Құркөл болған көрінеді. Яғни, ойпат, ойлы, суы жоқ жер деген мағынада, кейін оның атауы орыс тілінде Коркол деп аталып жазылып кеткен. Яғни, бекеттің ресми атауы солай тіркеліп, ауызекі тілде Құркөл атанғанмен, құжат бойынша – Коркол. Бекеттіктер алдағы уақытта атауы тілге жеңіл, тарихи атауына орай қазақшаланғанын қалайды. Бейнеу станциясынан 53 км қашықтықта жатқан Корколде жүк операциялары жүргізілмейді. «Сондықтан жұмысымыз аса ауыр емес, десек те өткінші құрамдар жауапкершілігі жоғары екенін әрбір теміржолшы жақсы түсінеді» дейді бекет бастығы. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?