Техникалық сабақ Ақтөбе станциясында - тәжірибе алаңы

Аймақтар
04.04.2019, 12:16

Ақтөбе станциясы жұмысшыларының қатысуымен теміржол бойында тәжірибелік техникалық сабақ өтті. Онда «Ақтөбе-1» және «Ақтөбе-2» станцияларының теміржолшылар жол бойына шығып, төтенше жағдай кезінде сауатты әрекет ету және ширақ қимылдау ережелерін үйренді.

– Техникалық сабақ әсіресе жаңадан келген мамандар үшін нағыз тәжірибе алаңы болды. Олар қауіпсіз еңбек ету тәртібімен танысып, ақау табылған кезде қалай шұғыл жұмыс жасау керектігін үйренді. Тәжірибе жасап, кезекшінің қандай жұмыстар жасау керектігі көрсетілді. Электрмеханигі келгенше жұмыс жасау тәртібі көрсетілді, – дейді Ақтөбе байланыс белгі беру дистанциясының аға механигі Аязбай Досов. Арнайы форма киген жұмысшылар шұғыл жағдайда қолданылатын отшашуларды пайдаланды. Пойызды тоқтату үшін машинистке берілетін дыбысты іс жүзінде қолданып көрді.

– Станцияға 2018 жылдан 2019 жылға дейін 35 адам қабылданды. Олардың көпшілігі қатардағы пойыз құрастырушылар мен тежегіш табандықтарға бақылау жасаушылар, тағысын тағы жұмысшылар. Бүгінгі техникалық сабақта күнделікті жұмыстарынан басқа шұғыл жағдай болған кезде қандай әрекеттер жасалу керектігі көрсетіліп жатыр. Мұндай шаралар бізде үш ай сайын өтіп тұрады. Қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтамау – қайғылы жағдайға әкеліп, адамдар қаза тауып жатады. Сондықтан әрбір станция мамандары теміржол бойында тұрақты рейд жұмыстарын жүргізіп тұруы тиіс», – дейді Ақтөбе станциясы бастығының орынбасары Асан Жұмағұл. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?