Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде көктемгі сынақ қортындыланды

Аймақтар
07.05.2019, 12:36

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Берік Ақшаловтың төрағалығымен бөлімшеде көктемгі комиссиялық тексеру жұмыстарының қорытындысы талқыланған шұғыл кеңес өтті.

Оған жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты барлық құрылымдар мен станция басшылары қатысты. Кеңестің күн тәртібінде қос бөлімшенің құрылымдарында ағымдағы жылдың 9-23 сәуір күндері аралығында жүргізілген көктемгі комиссиялық тексеру шараларының қорытындысы негізінде бірқатар басшылардың баяндамалары тыңдалды. Солардың ішінде Жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Анатолий Кимнің хабарламасында комиссиялық тексерудің барлық қорытындысы, кеткен кемшіліктер мен тиісті ұсыныстары айтылды.

– Көктемгі комиссиялық тексерудің қорытындысы бойынша жүк тасымалы бөлімшесі құрылымдары шаруашылықтары қыстан қысылмай, оңды нәтижемен шыққанын көрсетті. Осы ретте Талас, Аса, Бүгін, Весна, Жиделі, Бірлік, Шөлдала, Үшбұлақ, Тараз станциялары мен Шу пайдалану депосының жұмысын ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ, жіберілген кемшіліктер де жоқ емес. Айталық, Сарышаған, Мыңарал, Шу, ОП-115, Сұрым, Шоқпар, Малдыбай және Қияқты станцияларында техникалық оқыту жұмыстарын өткізу кестесі жоқ. Яғни, мұндағы жұмысшылардың техникалық дайындығы төмен деген сөз. Сондай-ақ, бақылау посты жұмысы бойынша тіпті бөлімше құрылымдарының ішінде үнемі алда жүретін Ақшолақ станциясының бұл жолы бақылау постының дайындығының жоқтығы да белгілі болды, – деген бас инженер бұдан өзге де атқарылған жұмыстар мен кемшіліктерге тоқталып, басшылықтың шара қолдануы жөнінде өз ұсынысын айтты.

Жалпы, жиында станциялардағы мәселелерден бөлек вагон, локомотив, жол, электрмен жабдықтау, сигнализация және байланыс шаруашылықтары мен еңбекті қорғау бойынша да жақсы нәтижелер мен жіберілген кемшіліктер жайы сөз болды. Дегенмен, комиссиялық кеңес отырысының қаулысымен құрылым басшыларына жауапты қызметкерлерін жіберілген кемшіліктер бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Асқар Көккөзовқа сын-ескертпелерді белгіленген мерзімінде ретке келтірілуін, құрылымдық мекемелер басшыларының пойыздар қозғалысы мен еңбекті қорғау жөніндегі жеке нормативтерінің орындалуын қадағалау ісі жүктелді.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады