Қоғам дертінен арылуға шақырды

Аймақтар
26.05.2019, 11:51

Қызылорда ЖТ бөлімшесі басшылығы атына құзырлы органнан келген хабарлама негізінде бөлімше директорының орынбасары Ерлан Айдаров теміржолшыларды жинап жиын өткізді.

Басқосуға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Жандарбеков, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев және бірқатар жауапты тұлғалар қатысты.

Құзырлы орган өкілдігінен Қызылорда ЖТ бөлімшесіне жеткен үшбу хатта «қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде және ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 200-бабына сәйкес жіберілген ұсынысты қарау нәтижелерін талқылау» тапсырылыпты. Ол ұсыныста Қызылорда станциясының бастығы Рашид Шолтабаев «ТS Оңүстік жанармай» ЖШС атына келген жүк вагондарын кідіріссіз беріп-алу үшін Н.Өтегеновтен құны 45000 теңге құрайтын, барлығы 300 литр АИ-92 маркалы жанармай талонын пара ретінде алғандығы және «Алтын қамба»ЖШС қызметкері Р.Құлмағанбетовтен 20 000 теңге пара алу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері ұстағаны туралы айтылған. Осыған байланысты Р.Шолтабаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқаны айтылған.

Сонымен қатар, серіктестіктің кірме жолын тексеру «Теміржол туралы» заңға сәйкес, тек уәкілетті органмен құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына тіркелген хабарлама негізінде жүргізілетініне қарамастан, Қызылорда станциясының бастығы Р.Шолтабаев заңсыз тапсырма беру арқылы тексеру комиссиясының құрамына кірмейтін өзінің орынбасарлары А. Матжанов пен А.Ұзақбайұлын «Алтын қамба» серіктестігінің кірме жолындағы кемшіліктерді тексеруге жібергені айтылған.

Осындай мәтінде жеткен ұсыныс негізінде өткізілген жиында бөлімше директорының орынбасары теміржолшыларға сыбайлас жемқорлықтың түбі қандай залалдарға әкеп соғатынын түсіндіруге тырысты және мұндай көріністерден бойды аулақ ұстауға, қоғам дертінен арылуға шақырды. Әр мекемеде сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлайтын сенім телефондары бар.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады