Атырауда байқау қорытындысы нені байқатты?

Аймақтар
28.05.2019, 15:52
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау теміржол бөлімшесінде биылғы көктемгі байқауды қорытындылау жиынында қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтік-техникалық ғимараттар мен жасанды құрылыстар жағдайы бойынша барлық шаруашылықтардағы кемшіліктер жіктеле сараланды. Жиынға барлық құрылымдық бөлімшелер басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

 Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры, тексеру комиссиясының төрағасы Мағауия Оразқұловтың атап өткеніндей, тексеру барысында станциялардың техникалық жағдайы, жолдың үстіңгі қабаты, магистральдық инфрақұрылым мен жасанды құрылғылардың жағдайы, су мен жылу нысандары, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері, орталықтың бұйрықтары мен басқа да нұсқаулықтарын орындау тәртібі қаралған. Өткен 4 айда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі – қанағаттанарлық. Тексеріс кезінде бөлімше бойынша барлығы 1107 кемшілік анықталған.

Белгі беру және байланыс дистанциялары бойынша электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеруді, рельс шынжырларының оқшаулау элементтерін тексеруді сапасыз жүргізу және жөндеу бағытындағы кемшіліктер бар. Шкафтар таттанып кеткен, кей бағдаршамдар іші шаң, топырақ басып кеткен, содан да жарығы көмескі. Барлық дистанцияларда техникалық құжаттарды жүргізу ісінде де олқылықтар орын алған.

Электрмен жадбықтау дистанцияларында жарықтандыру мәселесі төмен. Сағыз станциясында ДГА-24 резервті электр станция сы жұмыс жасамай тұр. Мақатта генератор істен шыққан. Махамбет станциясының алқымында электр жарығы жоқ бола тұра түнде маневрлік және жүк тиеу жұмыстары жүргізіліген. Мұны бөлімше директоры бассыздыққа теңеді. «Жарық жоқ болса, неге жұмыс жасайсыздар, неге жолды жауып, жұмысты тоқтатпадыңыздар. Тепловоз біреуді басып кетсе қайтесіз, немесе жүк астында қалса ше? Кім жауап береді, оның отбасы, бала-шағасы бар емес пе?» деп жауапты адамдарды тұрғызып қойып жауап алған бөлімше басшысы қатты ашуланды. Станция бастығына қатаң сөгіс, орынбасарын жұмыстан босату ұсынылды. Ал электрмен қамту дистанциясына олқылықты шұғыл шешу тапсырылды.

Атырау вагон пайдалану депосының командалық-нұсқаулық құрамы тарапынан лауазымдық міндеттері сапасыз орындалатыны белгілі болды. Нәтижесінде вагон қараушылар өрескел тәртіп бұзып, өз міндеттеріне салдыр-салақ қарайды, яғни вагонға техникалық қызмет көрсетуде, ақауды анықтау мен түзетуді дұрыс орындамайды. Соның ішінде тежегіш колодкасының желінуі, автобосату плитасының бұрандалары бос жатады, тежегіш рычагтары реттелмейді. Келген пойызды тексерістен өткізуге уақытында қабылдап алмайды. Вагон қараушылар тарапынан вагонды қарау кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталмай жатады.

Соған сәйкес, станцияларда вагондарды қайта бақылаутексеру кезінде кемшіліктер анықталған. Негізінен тежегіштің пневматикалық және механикалық жабдықтары, тежегішті реттеу, қолмен тежегіштің дұрыс жасамауы сынды кемшіліктер. Бұлар өндірістік-техникалық жөндеу кезінде қалпына келтірілуі тиіс. Сондықтан өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттырып, вагон қараушылардың жұмысына бақылау жүргізу қажет. Қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз, соның кесірінен ағымдағы жөндеу жасауға мүмкіндік жоқ. Жолаушы вагондарына қажетті қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз жағдайда. Қосалқы бөлшектерге мерзімінде тапсырыс беріп отыру ескеріле бермейді. Жұмысшылар еш себепсіз техникалық сабақтарға қатыспайды, ал басшылық олардың қатысуын қадағаламайды. Оның салдарынан білімсіздік, біліксіздік орын алады.

Атырау, Мақат локомотив пайдалану деполары мен Мақат сервистік орталығының басшылары да өз міндеттеріне салдырсалақ қарайды деген тұжырым жасалды, олар қарауындағы орынбасарлары мен мамандардың міндеттерін жеткілікті орындауын бақыламайды, локомотивтерге көктемгі тексеріс жүргізу мен жөндеудің технологиялық процесін сақтауға жете көңіл бөлмейді. Қосалқы бөлшектер де жүйесіз, үзіліспен келеді.

Локомотив шаруашылығы бойынша машинист-нұсқаушыларға сын айтылды. Олардың тарапынан пойыздың жүруі, автотежегішті басқару, машиниске қатысты басқа да кемшіліктер анықталмайды. Локомотив бригадаларының бақылау-нұсқау сапарлары, пойыз машинистерімен радиобайланыс дұрыс ұйымдастырылмайды. Мақат сервис орталығында қосалқы бөлшектер жеткіліксіз. Өндірістік, жылдамдық өлшегіш, автомат, электроаппарат цехтарын да қосалқы бөлшектермен жабдықтау қажет. Тепловоздарға қосалқы бөлшектердің жоқтығынан олардың жүруінен тұруы көптігі де айтылды. Локомотив деполары майды үнеммен жұмсауды үйренуі тиіс.

Жол және байланыс дистанциялары арасындағы бірлескен жұмыстарды өз деңгейінде жүргізу қажеттігі де айтылды. Кейбір станцияларда жылдамдықты азайтуға тура келеді, себебі ағаш шпалдар шіріп жатыр. Бағыттамалы бұрмалардың жай-күйі де төмен, бұрма ұшы талапқа сай емес, ондай жағдай Ганюшкино, Теңдік станцияларында кездескен. Құлсары станциясында да жолдың нашарлығынан қозғалысқа нұқсан келтірілген. Жол дистанциялары бойынша, Ганюшкино, Исатай, Сазанқұрақ, Д.Нұрпейісова, Шоқпартоғай разъезі сынды кейбір учаскелерде, шпалдың және рельстің, бұрмалардың ақаулағынан жылдамдықты шектеуге тура келген. Сондықтан бұл кемшіліктерді жедел қалпына келтіру ұсынылды. Соған сәйкес, Құлсары-Мақат, Атырау-Ганюшкино, Атырау-Құлсары учаскелерінде жолдарды ауыстыру, нашар жолдарды жөндеп, қозғалыс жылдамдығын көтеру қажет.

Жиын соңында Мағауия Амантайұлының атап өткеніндей, көп нәрсе басшыларға байланысты. «Қауіпсіздік күні» қалай өтеді, соған тіреледі мәселе. Басшылар өздері шығып, кемшілік таппайды, нормативтік талаптардың орындалуын жете қадағаламайды. Салдарынан әртүрлі кемшіліктер болып жатады. Тежегіштік табандықтар қойылмайды. Бұл да үлкен сын. Мұқыр станциясында дауыскүшейткіш істемейді, келген пойызды қалай хабарлайды сонда? Түсініксіз... Кей басшылар өз міндеттерін, кәсіби талап-ережелерін білмейді, немқұрайлы қарайды. Әр басшы мен әрбір жұмысшы өз міндетін адал атқарып, үлкен жауапкершілікпен орындаса, кемшілік те аз болған болар еді» деп ескертті бөлімше басшысы.

Аталған жайттар саралана келе, бөлімше басшылығымен аталған кемшіліктерді түзету, көктемгі тексеріс анықтаған олқылықтарды қалпына келтіру, өз міндеттеріне жауапты қарау жөнінде шешім қабылданды.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды