Көтеріңкі көрсеткіш – ұйымшылдық нәтижесі

Аймақтар
30.05.2019, 12:02
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Ақтөбе локомотив пайдалану депосының құрылғанына 115 жыл толмақ. Тепловоз тізгіндеген 800-ге жуық машинист пен олардың көмекшілері – депоның жұмыс көрігін қыздырған тәжірибелі мамандар.

Депоға барғанымызда бір топ локомотив бригадаларының тепловоздардың сыртқы келбетін сәнге келтіріп, машинист кабиналарын сырлау жұмыстарын жасап жатқанын көрдік. Жасыратыны жоқ, тепловоздардың озығынан тозығы жеткені көп.

«Биыл 10 сәуір мен 31 мамыр аралығында жалпы саны 42 тепловоз көктемгі комиссиялық тексерістен өту керек. Қазіргі уақытта оның 30-дан астамының іші-сыртына толықтай сырлау жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «ТЭМК-27», «ТЭ33-4», «ТЭМ211» тепловоздары бар. Қалғаны белгіленген мерзімге дейін толық өтіп болады. Себебі жұмыстың уақытында бітуіне еш кедергі жоқ», – деп атап өтті депо басшысы Талғат Медеубаев бізбен әңгіме барысында. Локомотив депосы бірінші тоқсанда жоспарды асыра орындағандардың қатарында. Маневрлік жұмыстарда ақау немесе қызметкерлердің жарақат алу жағдайы орын алмаған. Төрт айдағы пайдаланым көрсеткіші 101,24 пайызға орындалып, техникалық жоспардағы қозғалыс 4845,370 млн тн.км бруттоны құраған. Техникалық көрсеткіш 4905, 538 млн тн. км бруттоға жетіпті. Жүк пойызының орташа салмағы 3173 тоннаны құраған. Депо ұжымы 3105 тоннаға міндеттелген техникалық жоспарды 102,19 пайызға артық орындап шығыпты.

– Локомотив бригадаларының жұмысын дұрыс үйлестіру, ондағы байланыс құралдарын тиімді пайдалану – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгісі. Бүгінде бізде Шұбарқұдық депосын қоса есептегенде 743 адам жұмыс жасайды. Оның 612-сі локомотив бригадасы: 312 машинист пен 300 машинист көмекшісі. Ұжым ұйымшыл. Жұмыскерлеріміздің ерен еңбектері Компания басшылығы тарапынан елеу сіз қалған емес. Депо қызметкерлері арасында мемлекеттік сыйлықтар алғандар да көп. Сол үшін де үздік жұмыскерлерге құрмет көрсетіп, жастарды ынталандырып отырамыз. Бізде жұмысшыларға оңтайлы жағдай жасалған: жалақының өсуі, жақсы әлеуметтік базаның құрылуы бар. Мекемеде жас мамандар көп. Олардың басшылық құрам қатарында жүргендері де аз емес. Маневрлік локомотив бригадаларының сапалық құрамын бекітуде, машинистер мен көмекшілерінің тәжірибесі мен жұмыс тәртібін қарау бойынша айлық тәжірибе сабақтары тұрақты ұйымдастырылады. Бригадалардың лауазымдық міндеттерін орындауына талдама жасалынады. Мұндай шаралар жас мамандар үшін үлкен техникалық дәрістеме болып табылады, – дейді Ақтөбе локомотив пайдалану депосының бастығы.

Ақтөбе локомотив пайдалану депосында зиянды жұмыс орнында еңбек ететіндер дәрумендермен қамтамасыз етілген. Ал бригадалар ауысымға шығар алдында қатаң бақылаудан өтеді. Машинистердің денсаулығы, қан қысымы өлшеніп, ішімдік ішпегендігіне көз жеткізетін медициналық мамандар бар.

«Депода бүгінгі күні білікті мамандардың сақталуы – кешегі теміржол тарландарының еңбегі. Біздің депоның қабырғасынан локомотив ісінің талай майталмандары шыққан. Әр жылдары депоға үлкен үлес қосып, Малофеевпаровоз депосына басшылық еткен Г.Г.Лебедев, Ф.В. Перемыщев, С.Б. Жаманқұлов, Н.М. Князев, В.И.Сокол, М.Ж. Медеубаев, Д.К. Дарбаев мен Н.Ю. Көшербаевтың көзін көрген майталмандар бүгінде жастарға тәлімгерлік етіп жүр. Ақтөбе локомотив депосы – Батыс аймағындағы Түркісібтің дәстүрін сақтап, міндеттерді ойдағыдай орындап отырған ең ірі және жетекші кәсіпорындардың бірі», – деген Талғат Медеубаев, аталған локомотив депосының 1904 жылы құрылға- нын айтты.

Алғашында паровоз станциясында халық шаруашылығы жүгін тасуға арналған парк болған. Соғыс жылдарынан кейін паровоз паркі тепловоз тартымына жаппай ауысыпты. 2004 жылы 100 жылдығын ауқымды етіп атап өткен депо биыл 115 жылдыққа дайындалуда. «Бұл теміржолшылардың бірнеше ұрпағы ауысқан тұтас заман. Дамудың әр сатысында тек техникалық құралдар емес, сонымен қатар оларға қызмет көрсететін мықты мамандар ұстаханасы қалыптасуда» деп сөзін түйіндеді депо басшысы. 

Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды