Күрделі жөндеу жылдамдықты арттырады

Аймақтар
05.06.2019, 16:08

Биыл Маңғыстау магистральдық желісі бойынша 56,6 шақырым жол күрделі жөндеуден және 21 шақырым жолға ескі жарамды материалдарды пайдалана отырып, орташа күшейтілген жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда 15,2 шақырым күрделі жөндеу жүргізіліп, 14 бекет – Шетпе аралығын маусым айының ортасында аяқтау жоспарланып отыр. Күрделі жөндеу барысында ағаш шпалдардың орнын темірбетонды шпалдар ауыстырмақ. Жол саласы мамандары, темірбетонды шпалдардың қызмет көрсету мерзімі ағаш шпалға қарағанда 3-4 есе жоғары әрі экологиялық таза болып келетінін айтып отыр. Түйіспесіз жолдың буынды жолдан ерекшелігі, түйіспелерге жұмсалған бекітпелер үнемді болады, қоршаған ортаға деген шу азаяды. Жалпы күрделі жөндеуді жүргізудегі мақсат – жаңа материалдарды төсеу есебінен жол жағдайын жақсартып, жылдамдықты жоғарылату. Айта кететін жайт, өткен жылы 3 аралықта күрделі жөндеу жасалып, пойыздар жылдамдығы 60шқ/ сағаттан 100 шқ/сағатқа дейін көтерілді.

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты ұзындығы 115 шақырымды құрайтын жолдың бір бөлігі Өзбекстанмен, екінші бөлігі Түркіменстан сияқты шет елдер шекарасымен түйіседі. Ағымдағы жылдың бес айында бөлімше бойынша пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірген жағдай тіркелмеген. ПС-058 жол өлшегіш вагонының бақылау тексерісі қорытындысы бойынша жол күтімі бөлімшеде 51 бірлікке орындалып, жоспар 130 пайызды құраған. Бес ай ішінде МКТ, ПРСМ секілді ауыр жол машиналары жұмыс істеп, жоспарлы міндеттерді мінсіз орындаған. Қазір өңірде күннің ысуына байланысты рельстік бунақтарда температуралық кернеуді ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың қорытындысы бойынша магистральдық желі бөлімшелері арасынан Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі үздік деп танылып, 1 орынға ие болған еді. Биыл да бөлімше ұжымы осы нәтиже үдесінен шығуға барын салып бағуда. Бөлімше еңбеккерлерінің ұстанымы – ұйымшылдық. Ауызбіршілік бар жерде жақсы нәтиже ауылы да алыс емес дейді олар. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады