Шиелі станциясы: меже үдесінен табылды

Аймақтар
10.06.2019, 10:47
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шиелі – Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің оңтүстігіндегі өндірістік станция. Мұнда жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қызмет көрсететін бірнеше теміржол мекемелерінің бөлімдері, учаскелері орналасқан.

Шиелілік теміржолшылар сәуір айында 25 пойыздың 1256 вагонын қабылдап, бекет басынан 1059 вагон тіркелген 28 пойызды құрастырып, жөнелткен екен. Бұл дегеніміз, шиелілік теміржолшылардың күніне екі пойыз құрамына қызмет көрсететінін аңғартады. Яғни, бекетке келген пойызды қабылдап, вагондарды таратып, одан кейін қажетті бағыттарға орайластырып, қайта пойыз құрамдарын жасақтайды. Бұл – шағын ұжым үшін орасан жұмыс.

Жыл басынан бергі бекітілген жоспарларды артығымен орындап келген станция теміржолшылары пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде қозғалыс қауіпсіздігін толық сақтап, кірме жолдарда тосын жағдайлардың орын алуына жол бермеген. Станцияның бүгінгі тынысы жайлы мәлімет ұсынған Шиелі станциясы бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров жоспарлы жұмыстар бірқалыпты өз ауанымен орындалуда екенін білдірді. 

– Жалпы шиелілік теміржолшылардың еңбегі ерен. Мұндағы жұмыс қосындарының, оның ішінде өндіріс ошақтарының бекетке жақын орналасуы, ол мекемелердің теміржол қызметін пайдалануы бекет жұмысына оң әсерін тигізуде. Жыл басынан бергі жұмыс көрсеткіштерінің толық орындалуы да бірқалыпты, ал сәуір айында негізгі жұмыс көрсеткіштері 99,3 пайыз бен 127 пайыз аралығында толығымен орындалды. Бұл – әріптестерімнің өздерінің кәсіби міндетін адал, абыроймен атқаруының нәтижесі. Алдағы уақытта да біздер жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейтіп, жұмыс өнімділігін жетілдіруге күш саламыз, – дейді станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров.

Басшы орынбасарының ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, бекет еңбеккерлерінің сәуір айында 803 вагонды жүгінен босатып, 143 вагонды 9053 тонна жүкпен толтырғанын көреміз. Бекеттегі кірме жолдарға 952 жүк вагоны беріліп, 956 вагон кірме жолдардан шығарылыпты.

Үстіміздегі жылы вагондарды жүкпен толтыру, жүктен арылту, станция жолына келген жүк пойызындағы вагондарды бағытына қарай бөлшектеп, қайта құрастыру секілді жұмыстарға әбден төселіп, тәжірибе жинақтаған теміржолшылар абырой биігінен көрінуде. Мәселен, бір жүк түсіру операциясында вагонның бос тұру көрсеткіші 7.0 сағатқа белгіленсе, іс жүзіндегі көрсеткіш 6.19 сағатты көрсетіп, жоспар 113 пайызға көтерілген. Құжаты рәсімделмей, вагонның станцияда бос тұру көрсеткішінің жоспардағы 1.30 сағаттық жүктемесі 1.23 сағатқа қысқарып, меже 106 пайызға жетіп жығылған. Шиеліліктер жұмыс тәртібіне бағынғанның ұтылмайтынын бек жақсы біледі. Сондықтан техникалық сабақтарға толығымен қатысып, еңбек және қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына айрықша мән беріп келеді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады