Ақтөбе – Жіңішке телімінде ағымдық жөндеудің артықшылығы

Аймақтар
10.06.2019, 11:53
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазір Ақтөбе – Жіңішке телімі аумағында жолды ағымдық күтіп ұстауға бағытталған жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Рельстер, бағыттама бұрмалары, темір жолдардың қиылыстары мен өтпелердегі ақаулар жойылып, техникалық талаптың сақталуы бақылауға алынған.

Ақтөбе – Жіңішке телімінде ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жол алты сағаттық толаскезге жабылыпты. Біз барғанда рельс дәнекерлеуші жол машинасы ақаулы рельстерді дәнекерлеп, қайта қалпына келтіру шаруаларын атқарып жатыр екен. Жоспар бойынша 400 бағыттама бұрманы қалпына келтіру межеленген. «Бұл жұмыстар Ақтөбе – Қандыағаш және Ақтөбе-Жайсаң екі учаскесінде атқарылуда. Жол шаруашылығы мамандары бұл жұмыстардың басын қайтаруға 4-6 сағаттық техникалық үзілістер алып отыр. Ағымдық жөндеудің өз артықшылығы бар. Бұл жөндеу түрі жыл он екі ай жүргізіледі және пойыздардың қауіпсіз жүріп тұруы оның сапалы атқарылуына байланысты болмақ. Сондықтан жұмыс толық аяқталған кезде ғана пойыздың жүруіне рұқсат етіледі», – дейді Ақтөбе жол дистанциясы бастығының орынбасары Дархан Орынбаев.

Оның айтуынша, өңірде дәнекерлеуге бағытталған жөндеу жұмыстары сәуір айында басталыпты. Жолды ағымдағы күтіп ұстау ісі жыл он екі ай бойына жүргізіледі. Ақаулардың пайда болу себебін зерттеу және алдын алуды атқару істері жөндеу жұмысы кезінде сарапталып жатыр.

«Екі бригадир мен жол шеберін қосқанда 15 адам жұмыс жасап жатыр. Бұл бөлікте жоспар бойынша 3 шақырым бар. 1783 белгідегі – 4, 1784 белгідегі – 1, 1785 белгіде 4 ақауды қайта қалпына келтіреміз. Арнайы бұйрықпен берілетін «РМ», «МОК», «МКТ» техникаларымен алдағы уақытта жөндеу жұмыстары толық бітеді. Теміржолды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігіне жөндеу жұмыстарының алдында талдау жұмыстары жүргізіледі. Жер төсемінің кемшіліктері мен өзгерістерін жойғанда ғана пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз», – дейді жол дистанциясының мамандары.

Мамандар өткен жылы ел аумағында болған төтенше жағдайдың үлкен сабақ болғанын, сондықтан жол жөндеу жұмыстары кезінде сапаға аса мән беріліп отырғанын жасырмады.

«Өткен жылы елімізде жолаушылар пойызымен болған төтенше жағдайдан кейін жөндеу жұмыстарының сапасы Ұлттық компания басшылығы және жол шаруашылығына жауапты мамандар тарапынан қатаң бақылауға алынды. Әрине, бұрын да өз жұмысымызға жауапкершілікпен қарайтынбыз. Ал қазір тәртіп күшейтілді. Апатқа қарсы бақылау жұмыстары екі еселенді. Айтпауға болмайтын бір мәселе бар. Ол жұмыс күшінің жетіспеушілігі бар. Штаттағы жұмысшылар саны азайды. Жұмыс көлемі көп, ал адам саны аз болып тұр. Кейде жол жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі де жұмысты қиындата түседі. Жыл сайын қажетті құралдар алынып тұрады, бірақ сапасының нашарлығынан тез істен шығып жатады. Әсіресе, жол кілттері мен балғалар қат», – дейді Дархан Орынбаев.

Ел экономикасы үшін теміржол көлігінің маңызды екені есепке алынып, саланы одан әрі дамыту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Ол – 2020 жылға дейін Қазақстанның көлік инфрақұрылым жүйесін интеграциялау жұмысы. Бүгінде бұл шаруа даму бағдарламасының негізіне айналып отыр. 

Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды