Вагонмен қамтуда кедергі жоқ

Аймақтар
19.06.2019, 11:37
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жүк тасымалын вагондармен уақытылы және жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету – тасымал процесіндегі ең маңызды фактордың бірі. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Қазтеміртранс» компаниясының Атырау филиалы Атырау және Маңғыстау жол бөлімшелерімен бірлесе жұмыс жасайды.

Магистральдық тораптың 2099,4 шақырым (Атырау бөлімшесі – 915,3 шақырым, Маңғыстау бөлімшесі – 1184,1 шақырым) аралығындағы теміржол қозғалысының үзіліссіз, қауіпсіз қызметін үнемі ұйымдастыру жолында қызмет жасап, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыруға ден қойып отырған филиалдың негізгі қызметі – аймақтағы жүк тасымалын вагондармен жеткілікті түрде қамтамасыз ету. 2019 жылдың бес айында 46200 тонна болатын 818 вагонға тапсырыс берілген, орындалуы – 68%. Оның себебі жүк жөнелтушілер тарапынан тапсырыстың аз болуы, құжаттардың дұрыс болмауы, жүк жөнелтушілердің заказдан бас тарту, жоспардың жоғарылығы, т.т. жабық вагондар – 176, платформалар – 68 және 574 жартылай вагондарға тапсырыс берілген. Негізгі жүк жөнелтушілер: «Иси Гипс Индер», «Индер тұз», «Карат», «Шевронмұнайгаз», «Рауан Налко» ЖШС, т.б.

Филиал басшысы Саламат Төлегеновтің айтуынша, биылғы жылғы бес айда ағымдағы ағытып-жөндеуге барлығы 361 вагон қойылып, 344 вагон шығарылған. Оның ішінде жалгер есебінен 248 вагон қойылса, КТТ есебінен 113 вагон. Көбінесе доңғалақ жұптары, тежегіш, тележка, шанақ бұзылуынан болады. Бес айда 11 вагон кепілдік мерзімдеріне жетпеген болса, 9 вагон 331 228,17 теңге шығын келтірген. 20 вагон станциялардағы инвентарлық парктен шығарылған. Жоспарлы жөндеуге 415 вагон қойылып, содан 325 вагон жіберілген.

Жүк тасымалының маңызды бөлшегі болып табылатын вагондардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де басты назарда ұстап отырған Атырау филиалы вагондардың ағымдағы жөндеу жұмыстарын Атырау, Маңғыстау вагон пайдалану деполары арқылы жүргізеді. Ал, деполық жөндеулер Қазалы, Балхаш, Орал, Шалқар вагон жөндеу деполарында жасалады. Филиалдың құзырында өндірістік-техникалық, вагон паркі, шұғыл жұмыс бөлімдері бірлесіп жұмыс жасайды. Мұнда пайдаланған жүк вагондарын қадағалау мен оны жоспарлы жөндеуге ұдайы көңіл бөлінеді. Мәселен, теміржол бойындағы жүк тасымалының уақытында жүк алушының тікелей өзіне жеткізілуі үшін, оған қоса қауіпсіздік ережелерінің мүлтіксіз сақталуы – басты мақсат. Осы орайда, жөндеуді қажет еткен вагондар цехтарда мамандардың қолынан өтіп, жарамсыз бөлшектері ауыстырылып, жаңартылады. Бұл жұмыс өте қырағылықты талап етеді. Содан да осы қызметте тек қана өз ісінің білікті мамандары қызмет етеді.

Вагондарды жөндеу, олардың қауіпсіздігін сақтауда атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Осы ретте өндірістік-техникалық бөлімге қарасты Атырау, Маңғыстау теміржол бөлімшелерінің станциялары мен бекеттерінде тұрған, жұмыс жасамайтын парктегі жүк вагондарының есебі алынып, пайдалану мерзімдері аяқталғаннан кейінгі тиісті құжаттарын жасақтау негізінде есептен шығарылады. Мұның өзі теміржол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз ықпалын тигізуде.

– Жалпы «Қазтеміртранс» АҚ-ның Атырау филиалының еңбек қауіпсіздігі бойынша басты мақсаты – әрбір қызметкерге теміржолдың жоғарғы қауіпті аймақ екенін, теміржол бойында қауіпсіздікті сақтамағанның бақытсыздыққа ұшырататынын ұғындырып отыру. Еңбек қорғау және теміржол қауіпсіздігін сақтауда өткен бес айдағы көрсеткішке ден қойсақ, Атырау филиалында жарақат алудың шараларын уақытында өткізудің нәтижесінде, жарақаттану оқиғалары болған жоқ, – дейді мекеме басшысы. Кәсіпорын жұмысшылары 2018-2020 еңбек шартына сай арнаулы киім және жеке қорғаныс құралдарымен 100% қамтылған. Әр айдың екінші сәрсенбісінде еңбек қорғау және қауіпсіздік күні өткізіледі.

Теміржол көлігінің қауіпсіз қызмет етуі, қызметкерлердің кәсіби даярлығының деңгейіне тікелей байланысты. КТТ Атырау филиалында қызметкерлерді инженерліктехникалық оқыту ісіне маңыз берілуде. Осы ретте техникалық сабақтарды өткізетін арнайы жабдықталған жұмыс бөлмесі, арнайы техникалық оқыту және жаттығу орындары бар. Қазіргі уақытта мұнда заманауи технологиялар, сандық фотоаппарат, бейнекамера, проектор экранымен, телевизор, ноутбук орнатылған. Осындай техникалық құралдар, оқыту жоспарына сәйкес қызметкерлер түрлі семинарларға қатысып, көп мағлұматтар алады. 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды