Маңғыстау-Ақтөбе пойызының жолсеріктері билетсіз жолаушыларды тиеп алды: қызметтік тексеріс өткізіледі

Аймақтар
21.06.2019, 09:51
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдерінің қатысуымен 309/310 Маңғыстау – Ақтөбе бағытында жүретін жолаушылар пойызындағы 32-ші вагонда билетсіз жолаушыларды тамбурға дейін орналастырып, тасымалдауына байланысты журналистерге арналған брифинг өтті.

«Әлеуметтік желілерде 309/310 Маңғыстау – Ақтөбе бағытында жүретін жолаушылар пойызындағы 32-ші вагонға билетсіз жолаушыларды тамбурға дейін тиеп алғанын түсірген бейнеролик таралған болатын.

Ең бірінші кезекте біз осы бейнероликті түсіріп, берік азаматтық ұстаным танытқан жолаушы азаматқа алғысымызды білдіреміз. Бұл фактіні компания растайды. Қызметтік тексеріс өткізіледі. Қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша жауапты жолсеріктер мен басшылары әкімшілік жауапқа тартылады. Ол сөгіс, қатаң сөгіс, сонымен қатар еңбек келісімшартын бұзуға дейін барады. Осы сияқты бейнероликтерді біздің коммуникацияның басқа каналдары арқылы да алып жатамыз, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы блогына да келіп жатады.

Еске сала кетсек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржолда билетсіз жүру және заңды түрде рәсімделмеген жүкті тасымалдау әрекеттеріне тосқауыл қою мақсатында 2018 жылдың сәуір айында «нөлдік» төзімділік принципін енгізген болатын. Яғни, бұл принципке сай заңсыз әрекетке бой алдырған Компания қызметкерлеріне қатаң жаза қолданылады. Ол – қызметкермен еңбек шартының бұзылуы. Айталық, сол уақыттан бері 130-дан астам қызметкермен еңбек шарты бұзылып, 30-ға жуық адамның мансаптық қызметі төмендетілді. Сонымен қатар мұндай заңсыз әрекеттерге жол бермеу, болдырмау мақсатында Компания пойыздарды тексеріп тұрады. Компанияда онымен айналысатын сапаны бақылау қызметі бар. Ай сайын 500-ден астам пойыз тексеріледі. Үстіміздегі жылдың бес айында 3000-ға жуық пойыз тексеріліп, билетсіз жолаушыға қатысты 79 факті және 1,5 тонна рәсімделмеген жүк багажы анықталды. Кінәлі мамандар жазасын алды. Мұндай тексеру жұмыстары мемлекеттік орган тарапынан да жүргізіліп тұрады. Сондайақ, мұндай шараны жүзеге асыруға былтырдан бастап жемқорлықпен күрес агенттігі де қосылып отыр», – деп ақпарат берді Сервис және клиенттермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Әлібек Сұлтанов.

Оның айтуынша, жолаушы жолда көңілінен шықпайтын фактілерге тап болып жатса, яғни жағымсыз иіс, лас дәліз, әжетхана бөлмесінде судың тапшылығы, жыртық немесе кір төсек-орын және тағы басқа жағдайлар болса, міндетті түрде жолсерікке немесе пойыз басшысына шағымдана алады. Жолаушының талабы бойынша жолсерік міндетті түрде шағым кітапшасын ұсынуы тиіс. Не болмаса фотобейне түсіріп, 1433 бірыңғай қызмет орталығына немесе Компанияның ресми сайтындағы Бас директордың блогына (http://www.temirzholy. kz/blog-predsedatelya-pravleniya/) жазып жіберуіне, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі (Facebook, Vkonakte) біздің парақшаларымызға өтінім қалдыра алады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қашан да өз жолаушыларына жолда көрсетілетін қызметтің, сервистің жоғары деңгейде болуын қадағалап, сапар барысында баршаға қолайлы жағдай жасауға атсалысып отыр. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады