Теміржолшылар білім жетілдіру орталықтарында білім деңгейін көтерді

Аймақтар
18.07.2019, 09:32
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аймақ теміржолшыларының жалпы сала бойынша білім-білігін жетілдіру үшін арнайы бағдарламалар түзіліп жолға қойылған. Осы бағдарлама негізінде бөлімшеге қарасты сала мекемелерінің теміржолшылары теориялық білім жетілдіру орындарында болып, білімдерін көтеріп, өндіріске тың серпінмен қосылып отыруы дәстүрге айналған.

Мысалы, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша ағымдағы жылдың алты айында 415 теміржолшы еліміздің салалық білім жетілдіру орталықтарында теориялық және практикалық білім деңгейін көтеріп, шеберліктерін шыңдаған екен. Бұл жайында бөлімшенің кадр бөлімі басшысы Айдана Нұрмашқызы мәлімдеді.

– Бөлімше теміржолшыларының білімін жетілдіру соңғы жылдары өте белсенді жүргізілуде. Жұмысшықызметкерлердің елміздегі арнайы орталықтарында болып білім нәрімен сусындап, жаңа технологияларды игеруіне аса көңіл бөлініп отыр. Соның арқасында технологиялық жаңалықтарды игеру де белсенді жүріп жатыр. Биылғы алты айда бөлімше бойынша 415 теміржолшы Ақтөбе, Нұрсұлтан және Тараз қалаларындағы білім жетілдіру орталықтарында білімін жетілдіріп өндіріске оралды, жыл бойы осы үрдіспен жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл Өрт сөндіру пойызы (Норпож) саласынан да бірнеше маман Қызылорда қаласында білім жетілдіру курстарынан өтті, – дейді кадр бөлімінің басшысы Айдана Нұрмашқызы.

Ал бөлімшенің өзінде өткізілетін әртүрлі тақырыптағы семинарлар, күнделікті мамандар тарапынан жүргізілетін техникалық сабақтар, пысықтау инструктаждары, күндізгі және түнгі мезгілде тосын бақылау жұмыстары бар – бәрі айналып келгенде теміржолшылардың кәсіби міндетін мінсіз атқарып, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыруына негізделген. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады