Шымкентте қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты 7 жағдай тіркелген

Аймақтар
18.07.2019, 10:50

Жыл басынан бері алғашқы тоқсанда Шымкент жол бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты 7 жағдай тіркелген. Олардың дені адам факторымен байланысты. Өкінішке орай, бейсауыт жандар кесірінен қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі аз болмай отыр.

Тарқатып айтар болсақ, 4 адам басу оқиғасы болған. Жыл басында, қаңтар айында Шымкент-Арыс учаскесінің Қорғасын-Игілік өткеліндегі 3276-шақырымның 5-пикетінде ВЛ80С-1322 электровозымен №3101 жүк пойызын басқарып келе жатқан машинист Абилкин (ТЧЭ Тараз) шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Небәрі 53 км/с жылдамдықпен келе жатса да жолда кетіп бара жатқан қыз баланы қағып кеткен. 2000 жылы дүниеге келген қызды Шымкент қаласындағы жедел жәрдем келіп алып кетеді.

Екінші адам қағып кету оқиғасы ақпан айында болған. Дарбаза станциясында ВЛ80С - 2329 электровозымен №2902 жүк пойызын тартып келе жатқан машинист Алипбеков (ТЧЭ Арыс) 45 км/с жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тежеу қолданған. Салдарынан жолға шығып кеткен 2008 жылы туған жас қыз оқиға орнында көз жұмды.

Осы ақпан айында Арыс станциясында өндіріске қатысты бір жағдай орын алған. Арыс-1 станциясында жылжымалы құрамның рельстен шығып кету оқиғасы тіркелген. Бұдан кейін наурыз айында да екі оқиға тіркелген. Біріншісі, Шымкент-Түлкібас, ШымкентҚызылсай өткелінің 3296-шақырымындағы 10-пикетте ВЛ40М-1821 электровозының машинисі Монастырский (ТЧЭ Тараз) №8992 пойызбен сағатына 46 км жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тоқтаған. Себебі, 2012 жылы туған баланы қағып кетіп, оны да жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен. Екіншісі, Түлкібас-Шымкент, Қызылсай-Шымкент перегонының 299-шақырымдағы 4-пикетте де машинист Тоғызбаев (ТЧЭ Арыс) №2903 пойызбен небәрі 37 км жылдамдықпен келе жатқан жерінен шұғыл тежеу жасайды. 25 жастағы әйелді жедел жәрдем ауруханаға жеткізеді.

Көріп отырғанымыздай, адам қағу оқиғаларының бәрі елді мекендер арасында болғандықтан машинистер жылдамдықты төмен ұстаған, сондықтан бәрі бірдей қайғылы жағдаймен аяқталмаған деуге болады.

Сондай-ақ, Шымкент-Арыс учаскесіндегі Игілік-Бадам өткелінің 9 және 10 пикеттерінде арыстық машинистер Абатов пен Орынбасаров жолдың шайқалуын хабарлаған. Аталған фактілер бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер қалпына келтірілді дейді Шымкент жол бөлімшесінің ревизорлары. Мамандар теміржол маңындағы елді мекендерге пойыздар мен вагондар қозғалысының қаншалықты қауіпті екендігін ескертуден кенде емес, бірақ айтарлықтай нәтиже болмай тұрғаны қынжылтып отыр деседі. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады