Автотіркегіштен ақау тапты

Аймақтар
24.07.2019, 09:52
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету қосынында еңбек ететін Нұркен Қалилаев – тәжірибелі теміржолшы. Маңғыстаулық вагон қараушы жақында Өзбекстаннан Ақтау портына бет алған жүк пойызының вагонынан ақау тауып, апатты жағдайдың алдын алды.

7 шілде күні күндізгі ауысымда түс мезгілінде Маңғыстау станциясына келіп тоқтаған №2102 жүк пойызын тексеру барысында вагон қараушы Нұркен Қалилаев бір вагонның автотізбегінен үлкен көлемде сызат анықтады. Техникалық қызмет көрсету кезінде табылған ақауды тексере келе оның қауіптілігі анықталады. Сызат тереңдеп, автотізбек сынып кеткен жағдайда жүк тиелген вагондар екі жаққа бөлініп кетіп, үлкен апаттар болуы мүмкін еді. Ал ол сызаттың ертелі-кеш сынатыны да талас тудырмайды.

Алғаш Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету қосынына аккумулятор қуаттаушы болып кірген Нұркеннің саладағы еңбек өтілі 13 жылды құрайды. Ал вагон қараушы болып еңбек етіп жатқанына он жыл. Осы жылдар ішінде ол талай рет ақау тауып, яғни талай рет апатты жағдайдың алдын алды деуге болады. Атап айтқанда, бұған дейін ол бірнеше рет бүйір рамасынан, вагондар шанағынан ақау тапқан. Бұл жолғы анықтаған ақауы бойынша да оның еңбегін арнайы комиссия бағаламақ. Әзірге аталған вагон пойыздан ағытылып, жөндеуге жіберілді.

– Теміржолға әбден төселіп алдым. Жұмысым өзіме ұнайды. Жылына бір рет Ақтөбеге білім жетілдіру курсына жіберіп тұрады. Қазір теміржол саласында сырттай жоғары білім алудамын, – дейді қырағыкөз вагоншы жігіт. Басшыларының айтуынша, жұмысына адал, жауапкершілігі зор Нұркен сияқты теміржолшылардың арқасында пойыздардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.

Еңбекқор жігіт үлкен отбасын осы жұмысымен асырап отыр. Нұркен қызмет ететін қосында бүгінгі таңда 120 адам еңбек етсе, соның жүзге жуығы вагон қараушылар, қалғандары слесарьлар, аға вагон қараушы, шебер, нұсқаушы, сығымдағыш машина жүргізушісі, УЗОТ операторы және тағы басқа мамандық иелері. Қосын бастығы Ерболат Сәулебаевтың айтуынша, Нұркен сияқты тәжірибелі жұмысшылардың арқасында жыл басынан бері қосын вагон қараушылары 10-нан астам ақау анықтаған. Өткен жылғы ақаулар бойынша 5 адам «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» белгісімен марапатталған. Ал биылғы ақау тапқандар есімі компания басшылығына енді жіберіліп, алдағы марапаттарға ұсынылды. Қосын жұмысшыларының дені жастардан құралған, мұнда ең жас вагон қараушы 26 жаста болса, ең үлкендері елуді еңсергендер екен. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады