Жолаушы көзімен сапарға шыққан журналист

Аймақтар
29.07.2019, 11:15
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жаз маусымы басталғаннан жолаушылар ағыны артып, теміржол вокзалдары ығы-жығы халыққа толады. Жолаушының бірі демалысқа, бірі ағайынына қыдырып, дос-жарандарына сапар шексе, енді бірі қызмет бабымен іс-сапарға шығып дегендей, теміржол көлігінің қызметіне жүгінеді.

Бұл жолы, салалық газеттің тілшісі ретінде емес, жолаушы ретінде сапарға шыққан біз айналаға да сол жолаушы көзімен қарап, зер салуға тырыстық.

...«Жолаушылар тасымалы» компаниясы жасақтаған ҚызылордаСемей бағытындағы нөмірі 21/22 жолаушылар пойызы жүйткіп келеді. Пойыз құрамындағы германиялық вагондар тым жаңа болмаса да әзірге жолаушылар сұранысына жарап тұр. Дегенмен жолаушы ретінде пойыз құрамындағы вагондардың қазіргі жағдайы бұдан да жақсарып, тек купе емес, барлық санаттағы вагонда ауареттегіш, тоқ көзі секілді қажеттіліктер жасалса деген тілегімізді жасырмаймыз.

– Мен Семей қаласына дейін осы пойызбен жетіп алсам әрі қарай Павлодар облысына жол жүремін. Бұл пойыз мен үшін өте тиімді, сондықтан оның жүріп тұрғанына қуанамын. Мен бұл пойызбен жиі сапарға шығамын, тіпті мұндағы жолсеріктерді түртүсін танып қалдым десем, артық емес. Пойыз жолсеріктеріне де ризамын, қашанда көмек беруге тырысады, вагондағы балаға да, қарттарға да жайлы жағдай жасауға тырысатынын талай көрдім. Әрине қазір барлық нәрсе жаңарып жатқандықтан біз өзіміз қызметін пайдаланатын пойыз вагондарының да жаңа, ішінің жанға жайлы болуын қалаймыз, – дейді жолаушы Марат Азаматов.

Біз жолға шыққан шілде айының ортасы, нағыз күн «күйіп» тұрған өткен аптадағы аптап ыстық болатын. Жолсеріктер вагон ішін әлсін-әлсін тазартып, хлорлы сумен шайып, терезелердің күндігін түсіріп дегендей, барынша жолаушыларға жағдай жасауға тырысып бағуда. 14 вагоннан құралған жолаушылар вагонын басқарып келе жатқан пойыз бастығы Әбдікамал Мақатов осы салада 30 жылға жуық жұмыс жасаған кешегі жолсерік екен.

– Қазір жолсеріктерге қойылатын талап күшейді. Бұған дейін әр вагонға екі жолсерік болса, қазір ол 3/2 жүйесіне өзгертілді. Яғни, жолсеріктер кестемен сегіз сағаттан кезекшілік жасайды. Осы жүйеге сай бүгінгі 13 вагондық жолаушылар құрамында 20 жолсерік пен 4 тазалыққа жауапты жұмысшы қызмет жасап келеді. Бүгінгідей аптап ыстықта жолаушының бабын жасау да оңай емес, кейде ауабаптағыш істемей қалады немесе басқа бір тетік істен шығады. Ал жолаушы халық бәріне жол серікті кінәлайды, біздің де осы құрамның бір жолаушысы ретінде бірге келе жатқанымызды, жайлылық өзімізге де керек екенін, сондықтан барынша қолайлы жағдай туғызуға өзіміз де мүдделі екенімізді ескермейді, – дейді пойыз басшысы Әбдікамал Жүнісұлы.

Өкінішке орай, қазіргі кезде адамдар арасындағы мейірімнің тапшылығы, өзара түсіністіктің кемдігі ме, жолаушының дені қит етсе, дауыс көтеріп, ұрыс-керіс іздеп, талап етуге дайын тұрады екен, кейде жолаушылар өзара кикілжіңге барып, вагон ішін мазасыз халге түсіретін де кез болады екен, ондайда арашаға түсетін тағы сол жолсерік . Жолсапарды жолаушы көзімен өтізіп келе жатқан біз де жолшыбай талай жайтқа куә болдық.

Біздің вагонның жолсерігі Асылбек Дінисламұлының күні бойы тыным салған сәті болмады десек болады. Оның бір себебі, біз мінген вагонда бала-шаға көп екен, кәдімгі кішігірім балабақша сынды топ балақайды баққан жолсерік дәлізді қуалап ойнаған соларды тыныштандырам деп-ақ шаршады. Кешке жақын бір жолаушының қан қысымы көтеріліп, көрші вагоннан дәрігер шақыртты. Қырық градус ыстықта да тыныштық таппай іштеріне қырық градус құйып алған бір купені тыныштандыру да оңайға түспеді. «Кемедегінің жаны бір» демекші, осының бәріне куә болып отырған біз, жолаушылар, жолсеріктің жұмысының қаншалықты ауыр екенін жанымызбен сезіндік.

Иә, айта кететіні, плацкарт вагондарда ауа баптағыш жоқ болғандықтан, қапырық ыстыққа шыдай алмаған кейбір жоалушылар купеге келіп «жан шақырып» кеткенін де көрдік, телефондарын қуаттау үшін де келіп жатқандар болды.

Бір тәулік артта қалып, діттеген жерімізге келіп жеткен вагондағы жолаушы халық аз ғана уақыт ішінде бір-бірімізді баяғыдан танитын ескі таныстардай болып қалып едік. Қонақжай шаңырақтың иесіндей болған жолсеріктерге алғыс айтып қоштастық. 

Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді