Қызылсайда тағы бір адам ажал құшты

Аймақтар
30.07.2019, 16:10

Пойыздың адам басу фактілері азаяр емес. 21 шілде күні Шымкент іргесіндегі ел аузында қанды өткел атанған Қызылсайда тағы бір адам ажал құшты.

Манкент-Қызылсай өткелінде ер адамның келе жатқан пойыздың астына өзін-өзі тастап, суицид жасағаны мәлім болды. Шымкент жол дистанциясының диспетчеріне локомотив бригадасы құрамының машинисі Садыбековтің шұғыл тежеу қолданғаны туралы хабарлама келіп түседі.

Манкент-Қызылсай өткеліндегі 9 пикеттегі 3306 км қашықтықта 65 км/с жылдамдықпен кетіп бара жатқан №2889 жүк пойызының №1954 электровозы сағат таңғы 4:45 минутта жолда адам тұрғанын көріп оқыс тежеу жасағанымен, ер адамды басып өтіп тоқтайды. Машинист радиобайланыспен пойыз жолына адам шығып Қызылсай станциясына тоқтағаны туралы хабар береді. Оқиға орнына келіп жеткен Шымкент жол дистанциясының бас инженері Н.Жарылқапов, Қызылсай станциясының 5-ші телім жол шебері А.Көлбаев, Шымкент станциясы ЖІІБ тергеушісі, полиция капитаны Е.Садықов барады. Тиісті қызмет өкілдері адам өлімін растап, мәйіт Шымкент қаласындағы МОРГ-ке жеткізіледі. Ол 1976 жылы туылған Хасан Юлдашев деген Өзбекстанның азаматы әрі жалдамалы жұмысшы екені анықталады. Белгілі болғандай, 3306 км жол учаскесінде теміржолдың бойына мал-жан шығып кетпес үшін қоршалған және қауіпті аймақ екендігі туралы ескертулер де таңба тайға басқандай тұр. Аталған оқиғада қаза болған азаматтың ажалына осы ескертулерді өрескел бұзып, қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны себеп болған. Жанынан безгендердің суицид орнын теміржол төңірегінен таңдайтыны, өкінішке орай, жиілеп барады...

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады