Қарауылкелді станциясында оқу-жаттығу шарасы өтті

Аймақтар
29.08.2019, 15:49
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі Қарауылкелді станциясында азаматтық қорғаныс бойынша кешенді оқу-жаттығу шарасы өтті. Теміржолшылар төтенше жағдай кезіндегі шұғыл жұмыс жасау тәртібін іс жүзінде көрсетуге тырысты.

20-24 тамыз аралығында Қарауылкелді станциясының аумағындағы өткен оқу-жаттығу жұмыстарына тұйық жолда «төтенше жағдай» себеп болды. Жаттығу кезінде теміржол аумағына ірі көлемде хлор төгіліп, жедел залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Арнайы сценарий бойынша теміржол бойындағы апатты жою жұмыстары ұйымдастырылған. Алдымен барлау, эвакуациялау, медициналық көмек көрсету жұмыстары жүрді. Кейін хлордың төгілуі тоқтатылды. Рельс бойын залалсыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, денсаулық сақтау департаментінің мамандары, апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасы келді. Оқу-жаттығу кезінде арнайы құрылымдар өздеріне жүктелген тапсырманы толық орындап шықты.

«Оқу-жаттығудың бірінші минутынан бастап тұрғындар арасында үрейленудің алдын алу мақсатында аудандық ақпарат қызметі бұқаралық ақпарат құралдары, телерадиоарналар, Whatsapp, Instagram, VK әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды хабардар етуді ұйымдастырды. Мешіттердің, мәдениет үйлерінің шатырынан, стационарлық және ұтқыр дауыс зорайтқыш құрылғылардан тұратын арнайы автокөліктер пайдаланылды.Осындай бірлескен жаттығу аясында төтенше жағдайда шұғыл жұмыс жасау меңгерілді. Сонымен бірге жаттығу аясында вагондарға жүктерді тез тиеп, түсіру жұмыстары да жасалды. Барлық тапсырма белгіленген шекті уақыт шеңберінде тиянақты орындалып, шұғыл жағдайға әрекет ету жұмыстарына жоғары баға берілді», – дейді Қарауылкелді станциясының басшысы Жанболат Алпысбаев.

Оқу-жаттығу жұмыстары тұйық жолда өрт сөндіру пойызының қатысуымен өтті. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады