Алты сағатқа созылған толаскез

Аймақтар
31.08.2019, 19:44
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының жолшылары Бірқазан мен Белкөл станциялары арасындағы уақытша тоқтау бекеті маңындағы №15 бағыттамалық бұрманы алты сағаттық то- ласкез кезінде ауыстырып, жаңартты. Бұрманы ауыстыру жұмыстарына жолшылардан бөлек байланыс-белгі беру, электрмен жабдықтау дистанциясының мамандары да қатысып, өздеріне қатысты жұмысты атқарды.

Дистанцияның бас инженері Ақыл Әбілдаевтің басшылығымен таңертең басталған толаскезде негізгі күш дистанцияның 1-жол колоннасы басшысы Қалдыбай Әбдиев пен №3 өндірістік телім басшысының орынбасары Рүстем Досымов басқаруындағы телім жолшыларына жүктеліп, дистанцияның өзге жолшылары қосымша көмек берді. Арнайы КЖ көтергіш техникасымен, тас тиелген ашық вагондармен, қажетті құрал-саймандармен толық қамтамасыз етілген, ұзын саны отыздан асатын жолшылар аптап ыстыққа қарамастан берілген толаскез уақытын тиімді пайдалана білді.

– Сигналдар арасындағы 3-жолдың шығаберісіндегі Р-50 рельсті №15 бағыттамалық бұрманы Р-65 рельсінен әзірленген бағыттамалық бұрмамен алты сағаттық толаскез алып ауыстыру жұмыстарын №3 өндірістік телім, 1-жол колоннасы және дистанцияның өзге де жолшыларымен бірге жасаудамыз. Ауыстырылып жатқан бұрма негізгі жолда болмағандықтан кестемен өткізіліп жатқан пойыздар құрамына кедергі келтіріліп жатқан жоқ, дегенмен телімнен пойыздар өткен кезде жұмысты тоқтатып, теміржолшылардың қауіпсіздігін сақтау шаралары жасалуда, – дейді №3 өндірістік телім басшысының орынбасары Рүстем Досымов.

Ауыстырылатын бағыттамалық бұрма жанына КЖ краны, бір вагонға жаңа Р-65 рельсті бағыттамалық бұрма жүктеліп, щебень мен құрал-саймандар тиелген екінші бір ашық вагон тағы жеткізіліп, әр жолшы өздеріне тапсырылған жұмысты бастап кетті. КЖ кранымен ескі бағыттамалық бұрма алынып, орнына жаңа Р-65 рельсті бағыттамалық бұрма салынды.

Әрине айтуға оңай болғанмен, бұл жұмысты жасап ысылған тәжірибелі жолшы болмаса тосыннан келген адамның жасауы екіталай. Себебі, қарапайым тілмен бір мысал айтсақ, жаңадан салынатын бұрманың астына төселетін қиыршық тастың бір-екі күрегін артық салып қоюдың өзі жол салу процесіне кері әсерін тигізеді екен. Сондықтан әр жол жөндеуші әр адымын аңдап басып, әр қимылын елеп-екшеп атқарып жатыр және әрбір біткен жұмыстың нәтижесі арнайы құралдармен есептеліп, өлшеніп, тексеріліп отырады.

Вагондар мен КЖ краны өтіп жатқан пойыздарға кедергі келтірілмейтін жолға шығарылып қойылып, салынып жатқан жаңа бұрманың астын көтеріп тасын төсеу, оны нығыздап ұру, жолды үнемі шаблонмен тексере отырып тегістеу, арнайы бекіту болттарын бекітіп тарту секілді жұмыстар технологиялық процеске сай жүргізілді. Мұнан кейін жолды мамандар тарапынан өлшеніп, есептеу жұмыстары тағы бір мәрте қайталанып, №15 бағыттамалық бұрманың қажетті деңгейде салынғанына көз жеткізілген соң ғана толаскез уақыты аяқталды.

– Жалпы бүгінгі толаскезге қатысқан жолшылардың бәрі өнімді жұмыс жасады. Берік Сыздықов, Талғат Ташимов, Абылай Қырғызбек, Қалдан Әділов, Талғат Смедиев сынды жөл жөндеушілер мен дәнекерлеушілер, жол шебері Рахат Әлжанов өздерінің нағыз жолшыға тән шеберліктерін танытып, жұмыстың нәтижелі аяқталуына айрықша үлес қосты, – деді дистанцияның бас инженері Ақыл Әбілдаев.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады