Клиентке бағдарланудың ақмолалық тәсілі

Аймақтар
31.08.2019, 15:42
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бойынша жүргізіліп жатқан клиентке бағдарлану аясындағы жұмыстар Ақмола жол бөлімшесінде де жандана түсуде. Филиал директорының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Рахымжановтың айтуынша, соның арқасында биыл жыл басынан бері тиелген астық және ұн өнімдерінің көлемі 6 млн 500 мың тоннадан асқан.

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі осы жылдың 7 айы бойынша астық жүктерін тиеуден рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл жағынан ең жоғары нәтиже 2019 жылдың басынан наурыз айына дейінгі аралықта болған. Жыл басынан бері Ақмола бөлімшесінің шекараларында орналасқан астық қабылдау кәсіпорындарынан экспортқа және ҚРның облыстарына 4 млн 199 мың тонна астық жөнелтілген. Бұл ретте экспорт – 3 млн 063 мың тоннаны құрап, 68 пайыз болса, ҚР бойынша – 1 млн 136 мың тоннаға жетіп, 32%-ті құраған.

Жалпы, Ақмола филиалы үшін астық және тартылған ұн өнімдері секілді әлеуметтік-маңызды жүктер тасымалы ерекше басымдық берілетін сала және жол бөлімшесі алдына қойған барлық міндеттерін толықтай орындап отыр.

Мемлекет басшысының астықты ҚР бойынша және экспорт арқылы сату туралы берген тапсырмаларының маңыздылығына орай және астық өндірісі жөнінен астық қоржынын жасау жайында мақсаттарға байланысты да алға қойған міндеттерді жіті орындауға баса назар аударылуда.

– Осындай үлкен міндеттерді орындау үшін Ақмола ЖТ бөлімшесі астық бағдары бойынша мақсаттар қойды. Соның аясында біздің бөлімшеден астық пен тартылған өнімдерді Орталық Азия елдерінің станцияларына дейін тасымалдау, сонымен қатар Ақтау порты арқылы түсіріп тией отырып әрі қарай Иран елдеріне жүк тиеу қарастырылған. Атап айтқанда, Өзбекстандағы Сергелі, Ауғанстандағы Галаба, Тәжікстандағы Худжанд станциялары қамтылмақ, – дейді Е.Рахымжанов.

Биылғы жаңа егін басталғалы Жилаево станциясына 26 тамызда жүк жөнелтуші – «Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 54 астық вагонын «Астық транс» АҚ меншігіндегі вагондар арқылы жөнелтті. Нақтырақ айтқанда, Дәуіт станциясынан – 20, Жаңа есіл станциясынан 34 астық вагоны жіберілген. Вагондар айналымына және соңғы станцияға дейін жеткізілетін уақыт қысқартылды, себебі бағдар техникалық жағынан вагондарды қайта өңдеу арқылы және сұрыптау станцияларында тарқатпайақ жүргізіледі. Бұл жүкті соңғы тиісті станцияға жеткізу мерзімін бірнеше есе қысқартады.

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша жылдық жалпы астық тиелімі 11 млн 540 мың тонна болса, соның ішіндегі Ақмола бөлімшесінің үлесі – 5 млн 706 мың тоннаны, яғни, 50% құрайды. Бұл дегеніңіз – жалпы көлемнің тең жартысы. Бұл көрсеткішпен біз мақтанамыз, – деді филиал басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, бұл көлемге биыл шілде айында қол қойылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумының арқасында қол жетіп отыр. Соның шеңберінде облыстағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының жүктерін тасымалдау және қабылдауды қамтамасыз ету жөнінен мақсаттар мен міндеттер орындалған.

Экспортқа жіберілген елдер бойынша Орталық Азия бағыты – 36%, Ақтау порты арқылы түсіріп-тиеу экспорты – 15% (Иран), Қытай – 7%, Италия – 4%, Ауғанстан, Түркия 3% болып ерекшеленді. Жүк тиеуде «Астық транс» АҚ паркі мейлінше көп іске қосылып, 39% болған, ал қазақстандық операторлардың жеке паркі 24% пайдаланылған.

Бөлімше бойынша барлығы 127 астық жөнелту кәсіпорны жұмылдырылған, жыл басынан бері Ақмола облысында 4 жаңа астық қабылдау кәсіпорны пайдалануға берілген. Бұл табиғи-климаттық жағдайларға қарамастан егіннің ұдайы сақталуын қамтамасыз етеді. Жүкті жедел жеткізу үшін 2019 жылы экспорттық контейнерлік бидай мен ұн тасымалының көлемі Вьетнам, Қытай, Түркия Италия және басқа елдер бойынша өте жоғары деңгейде арттырылды. 174 000,0 тонналық 5 100-ден астам контейнерге жасымық пен бидай тиелген.

Ақмолалық теміржолшылар астықты бағдарлау, тасымалдау, тиеуді ұйымдастыруда барлық мүдделі қатысушылар, атап айтқанда, мемлекеттік орындар, темір жол, астық қабылдау кәсіпорындары мен астық трейдерлерінің нақты әрі тиянақты түрде өзара іс-қимылы нәтижесінде астық жүктерінің тасымалы бойынша жұмыстар өз тәртібімен жалғасын тауып, жыл бойына тиелім көлемін арттыру жағына қарай оң өзгерістерге әкелеріне сенімді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті