Қысқа дайындық: қамданған қапы қалмайды

Аймақтар
21.09.2019, 11:31
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазіргі таңда аймақ теміржолшылары жаппай күзгі комиссиялық тексеру науқанына атсалысып, құжаттарын реттеп, құрал-сайманын сайлап отыр. Күзгі байқаумен қатар алдағы қатал қыстың қамына дайындық жайына да кірісіп кеткен.

Қыстың көзі қырауда байланыс құрылғыларының кідіріссіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында да қарбалас тіршілік күшейтіліп, дистанциялықтар тегіс дайындық шараларын қолға алған. Ұжым мүшелері өздеріне бекітілген телімдердегі құрылғыларды қайталап тексеруден өткізіп, кем-кетігін толықтырып, оңдайтынын оңдап, жөндейтінін жөндеп, жарамсызын ауыстырып, қысқа қамданысты қыздыра түсуде. Әрине бұл – «қыстың қамын жазда ойла» қағидасын ұстанатын аймақ теміржолшыларының жылдағы әдеті. Себебі кішкене бір кінәрат бола қалған жағдайда ол дистанцияның ғана емес, бүкіл бөлімшенің абыройына нұқсан келтіретін келеңсіздікке душар етпес үшін дистанциялықтар әзірлікті жан-жақты жүргізуге үйренген.

Бүгін дистанциялық теміржолшылардың бір тобы Қызылорда станциясының маңындағы байланыс құрылғыларын тексеріп, бақылау жұмыстарын жүргізуде екен. Жұмыс барысында бірнеше топқа бөлінген жұмысшылардың бір тобын станциялық жолдардың солтүстік алқымындағы құрылғылар маңынан жолықтырдық. Олар электромеханик Бауыржан Асқаровтың тобындағы электромеханиктер Орын тай Әбдіғали мен Серікбол Лепесов екен. Жол жиегіндегі бағдаршамдар мен байланыс құрылғыларының ескі бояуын қырып тазартып, жаңадан бояп жатқан олар, бұл да қысқа дайындық шаралары аясында бекітіліп берілген тапсырмалар қатарындағы жұмыс екенін жеткізді. Сол жұмыстарды топқа бөлініп атқаруда.

– Бүгінгі жұмысымыз СОБ құрылғыларының сырлы бояуын тазартып, жаңадан бояу жұмысын жасауда мыз. Тап қазір станцияның солтүстік алқымындағы 2-бағыттамалық бұрманың электрожетегінің, рельс маңы жол жәшіктерінің тетіктерін, бағдаршам тұғырларын бояп келеміз. Сонымен қатар байланыс құрылғыларында назарға ілінген кемшіліктер байқасақ,орнында жөндеу жұмыстарын атқарудамыз, әзірге ондай өрескел кемшілік байқалмады, – деді топ жетекшісі Бауыржан Асқаров. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады