Қайталанбауы тиіс

Аймақтар
14.10.2019, 21:14

Жыл басынан бері Маңғыстаудың Бейнеу ауданына қарасты темір жолда 3 адамды пойыз қағып кету оқиғасы тіркелді. Оның бірі кісі өлімімен аяқталды. Жуырда оқушылармен кездескен теміржолшылар осы жөнінде әңгімелеп, теміржолда сақ болуға шақырды.

Кездесуді теміржолшылар мен Бейнеу ауылы әкімдігі бірлесе теміржолға жақын орналасқан Манашы орта мектебінде «Темір жол – қауіпті аймақ!» тақырыбымен ұйымдастырды. Оған ауыл әкімі С.Қалдығараевтан бастап, мектеп директоры К.Аманов, Бейнеу станциясының бас инженері Б.Тұраев, қауіпсіздік техникасы инженері Г.Мұхтарова қатысты. Мамандар оқушылар мен мұғалімдерге Бейнеу темір жол торабында пойыздың адам басу жағдайының себептеріне тоқталып, жол бойында жүру тәртібімен таныстырды. Жұмыстан жəне мектептен кері қайтқанда, мал айдағанда жол дистанциясының маңында орналасқан арнайы өтпеден өту, онда да маневрлік қозғалыстың жоқтығына көз жеткізіп, сақтық шараларына мән беруді ескертті. Азаматтардың жеке қауіпсіздік ережелерін білмеуі және бұзуы, сол сияқты жол бойында ойнау, үлкендердің ішімдік ішіп алып мас күйде жүруі де темір жолда жарақаттануға, тіпті өлім оқиғаларына алып келерін түсіндірді. «Темір жол – жоғары қауіпсіздік аймағы!» атты видеоролик көрсетіліп, теміржолда жүру талаптарын бұзғандарға ҚР ережелеріне сәйкес жаза қолданылатыны туралы жадынамалар таратылды.

Түсінік жұмыстарының соңында «Теміржол қауіпсіздігі» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізіп тұру туралы шешім қабылданды.

− Мұндай шаралар осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да жоспарға сай жалғасады. Себебі үстіміздегі жылы тіркелген қайғылы оқиғалар қайталанбауы керек. Аталған жағдайдың бірі 14 наурызда орын алды, маневрлік жұмыс барысында Бейнеу ауылының тұрғынын пойыз қағып кетіп, нәтижесінде зардап шегуші оң қолынан айырылды. Тексеріс барысында азаматтың ішімдік ішкендігі анықталды. Ал 14 мамырда болған жайтта Қоркөл станциясында Есет ауылының тұрғыны темір жол бойынан мал айдап өтіп бара жатқанда жүк пойызының астына түсіп, көз жұмды. 6 қыркүйекте Бейнеу-№1 бекет аралығында Бейнеу ауылының тағы бір тұрғыны құлағындағы құлаққаппен темір жол бойынан мал айдаймын деп жүк пойызына қағылып, басынан жарақат алды. Сондықтан тағы да ескертетініміз, темір жолға жақын жүргенде, өте абай болу қажет. Кем дегенде 5 метр қашықтықта жүру керек. Пойыз екпінімен ұшырып жіберуі мүмкін, – дейді Бейнеу станциясының қозғалыс қауіпсіздігінің инженері Ғалым Қанатов. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады