Оң нәтіже көрсетті

Аймақтар
22.10.2019, 13:07

Қыс мезгіліне дайындықты шыңдап, жұмысты ширата түскен күзгі байқау мәресіне жетті. Маңғыстаудағы күзгі бақылаудың қорытындысы былтырғыға қарағанда айтарлықтай оң нәтижемен аяқталды.

Биыл анықталған кемшіліктер саны өткен жылғыдан кеміген. Өткен жылы күзгі тексеріс кезінде 1037 кемшілік табылған болса, осы жылы 1027 олқылық кездескен. Тыйым салынған шаралар 68ден 55-ке төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда кемшіліктер ШЧ Құлсарыда, ШЧ Маңғыстауда, ПЧ Құлсарыда, ПЧ Маңғыстауда айтарлықтай азайған. Кері көрсеткіштер азайды десек те, жойылып кетпеген. Әлі де бар. Сондықтан оны алдағы уақыттарда қайталамау үшін не істеу керек, күзгі тексерісті қорытындылаған жиын соны жан-жақты сарапқа салды. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде бөлімше директоры Н.Ғұбашов төрағалық еткен жиында Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директоры М.Бақтыгереев, Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Маңғыстаудағы бас ревизоры Б.Дүйсәлиев, жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Е.Бүркітов, АСУ бойынша орынбасары Е.Мергенбаев, филиалдың бас инженері Қ.Жақанов, өндірістік техникалық бөлімі басшысы Е.Айдарханов, жедел басқару бөлімі басшысы А.Нұрсапин, қауіпсіздік қызметі басшысы А.Құсайынов, тарту және жылжымалы құрамды ұйымдастыру бөлімі басшысы Б.Төлепов, персоналмен жұмыс бөлімі басшысы Е.Қожахметов қатысып, өз салаларына қатысты есеп берді. − Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі көлемінде қыркүйек пен 9 қазан аралығында өткен күзгі тексеріс өз деңгейінде жүргізілді. Онда кездескен кемшіліктер бойынша әр мекеме басшылары жауап беріп, табылған олқылықтарды жою жөнінде нақты тапсырмалар жүктеледі. Қорытынды жиналыста орын алған кемшіліктер қайталанбауы үшін қажет жұмыстар тізімі жасақталды, бірқатар мамандарға ескертпелер берілді, – дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Е.Бүркітов. Маңғыстау өңіріндегі күзгі тексеріс Бейнеу-Тассай телімінде орналасқан Алтай бекетінен басталған еді. Сол күні аталған учаскенің 11 пункті қамтылса, ертесіне өзбек теміржолымен шектесетін БейнеуҚарақалпақия аралығында жалғасты. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады