Өткелдер: жоспардан тыс тексеру

Аймақтар
25.10.2019, 08:29
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе және Орал жүк тасымалы бөлімшелері аумағында орналасқан 106 өткелге жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Комиссия құрамында ревизорлық аппарат, магистральдық желі бөлімінің мамандары бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қауіпсіздік бойынша басқарушы директоры Марат Шәкеновтің нұсқауымен Ақтөбе аумағында өткелдерді тексеру жұмыстары 7 қазанда басталды. Өткелдердің техникалық жағдайын тексеру жұмыстарының өз кестесі бар. Мамандар алғашқы кезекте АқтөбеЖайсаң, Ақтөбе-Қандыағаш секілді қала аумағындағы өткелдер қауіпсіздігін жіті тексеруден өткізді. Жалпы тексеру жұмыстары 25 қазанға дейін созылады. Бүгінде Ақтөбе және Орал теміржол аймағындағы жоғарыда айтылған 106 өткелдің 78-і күзетпен бақылауға алынған. Ал қалған 28 өткел күзетілмейді, сондықтан ол жердегі қауіпсіздік жағдайына айрықша назар аударылып, ережелердің қатаң сақталуы қадағаланды. Бағдаршам, белгі беру қондырғыларының мүлтіксіз жұмыс істеуі талап етілді.

«Назардан ешнәрсе тыс қалған жоқ. Инертті материалдардың, төсеніштің, автошлагбаумның, тосқауыл құрылғының болуы, байланыс құралының жағдайы, жарық, қуат көзі, дыбыстық дабылдың қызметіне ерекше назар аударылуда. Жарықтандырумен, дыбыспен белгі беретін қондырғылардың бекітілген уақытпен қосылу сәйкестігіне дейін тексеріледі. Өткелдегі кезекшілердің біліктілігі де маңызды. Тексеріс кезінде қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда, мүмкіндігінше сол жерде мәселені шешу жұмыстарын қарастырып жатырмыз», – дейді Ақтөбе магистральдық желі бөлімі басшысының бірінші орынбасары Темірғали Көштаев.

Мамандар кезіккен ақаулықтарды дер кезінде шешу үшін комиссия құрамына өткелдерге жауапты жол дистанциясы басшыларын қосқан. Ақтөбе бөлімшесіндегі алты бірдей жол дистанциясының жауапты мамандары өткелдердің жағдайын жоспардан тыс тексеріс кезінде тағы бір пысықтап шықты.

Соңғы жылдары жоғары жылдамдықтағы «Тұлпар-Тальго» пойыздары қатынай бастағаннан бері жоспарлы түрде күзетілмейтін теміржол өткелдері күзетілетін өткелге айналды. Осыған бай ланысты теміржол бойында жол-көлік оқиғалары азайған.

«Бірнеше жылдан бері өткелдерде оқыс оқиға тіркелген жоқ. Тек кешегі қыркүйек айында Шалқар жол дистанциясы аумағында автокөлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзуынан жеңіл машина мен пойыздың соқтығысуы орын алды. Ол күзетілмейтін өткел болғанымен ондағы бағдаршам, дыбыстық белгі беру қондырғысы да қалыпты жұмыс жасап тұрған. Өткелдің жарықтандыру жағдайы да талапқа сай. Қарапайым ғана ережені сақтамаудың соңы осындай қайғылы жағдайға әкелді. Автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы тәртібін өрескел бұзуы тыйылмай-ақ қойды. Олар өз өмірлеріне қауіп төндіріп қана қоймай, пойыз машинисі мен жолаушылардың да өміріне қауіп туғызуда. Соңғы кезде теміржол бойындағы қозғалыстың күн санап қарқын алуына байланысты ондағы қауіп-қатер де артты. Соған байланысты теміржол бойындағы қауіпсіздік шаралары тәртібін күшейтуді қажет етеді», – дейді Темірғали Көштаев.

Иә, жол-көлік оқиғаларының дені пойыздың жақындап қалғандығын ескермей өтіп кетуге ұмтылатын автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан мамандар автокөлік көп жүретін жерлерге теміржолдың үстінен өтетін көпір салу мәселесін көтеріп жүр.

«Мысалы, Ақтөбе қаласында осындай көпірлерді қажет етіп тұрған бірнеше өткел бар. Ақтөбе-Астрахань трассасы бойындағы Алға станциясына осындай көпір керек. Темір ауданы Қандыағаш жол дистанциясындағы өткел де айрықша назарға алып отырған нүктенің бірі. Ол жердегі теміржол өткелінен мұнай компаниясының ірі жүк көліктері көп жүреді. Сонымен қатар, Жазық станциясындағы өткелден өтетін автокөлік те және сол жермен жүретін пойыз да көп. Біз осы жерлерге көпір салу мәселесін көтеріп, жергілікті әкімдіктерге ұсынысымызды айттық. Автокөлік санының да күрт артуы мен пойыз қозғалысының жиілеуінен шиеленісіп кеткен бұл мәселе уақыт күттірмей шешуді қажет етеді. Біз қазір жергілікті полиция департаментіне де хаттама жолдадық. Қаланың ішінде орналасқан өткелдерде таңертең және кешкі уақыттарда көлік қозғалысы көп кезінде полиция қызметкерлерінің бақылауға алуын сұрап отырмыз. Қауіп күшейген кезде тәртіп сақшыларының көмегі керек», – дейді Темірғали Көштаев.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады