Ақкөлден Елтайға дейін

Аймақтар
19.11.2019, 09:16

Ірілендірілген Астана жол дистанциясының Ақкөл-Елтай станциялары бойынша тақ және жұп алқымын қоса алғанда 160 км темір жолдың күтімін №2 телімнің жолшылары жасап отыр. Бүгінде тәжірибелі жолшы Руслан Шарипов басқаратын телімде 80-ге жуық жол монтері пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде дамылсыз еңбектенуде.

Нұр-Сұлтан-Көкшетау бағытында жатқан 407-329 шақырымдар арасындағы телімді екі жылдан бері басқаратын Русланның жалпы теміржолдағы еңбек өтілі – 7 жыл. Жас та болса бас болып жүрген телім бастығының айтуынша, аталған станцияларға қоса олар Родники, Өрнек және Еңбек деген бекеттердің де темір жолына күтім жасап отыр.

– Үшінші класты Ақкөл станциясы – біздің телімнің орталығы. Осында табельныйда күн сайын таңертең 9-да жиналып, күнді жоспарлап, жол шеберлері мен бригадирлерге нұсқаулықтар береміз. Негізі телімнің өзінде 22 адам еңбек етеді, сонымен қоса 6 өткелдегі 26 кезекшіні және коллонадағы жұмысшыларды қосқанда сексенге жуық адам бармыз. Бүгінгі таңда ағымдағы күтіп ұстау жұмыстарынан бөлек ауа-райының өзгеруіне байланысты теңестіруші рельстерді ауыстырып жатырмыз. Ол үшін жолшылар жол бойын аралап жүріп стандартқа сай емес рельстерді анықтайды. Сонымен қатар бүгінгі ең басты жұмыс – әрине қармен күрес шаралары, – дейді телім бастығы.

Қарашаның басталғаны кеше, солтүстікке ерте түсетін қыс бұл аймаққа биыл да ерте түсіп, бүгінде қалың қар жауып үлгерген. Егер қар рельс бастиегінен асса, оны тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылады. Одан төмен болса үрлегіш компрессорлармен тазаланады, сонымен бірге жолшылардың қол күшімен бағыттама бұрмаларының араларына тұрып қалған қарлар сыпырғымен тазартылады. Ал боран соғып, қалың бұрқасын болған күндерде жолшылар жұмысы екі еселенеді. Әдеттегідей күндізгі және түнгі ауысым графигі жасалып, оған адамдар бөлінеді.

Ондай кездерде демалыс, мереке күндері де жұмыс жүре береді, қармен күрес тоқтамайды. – Үлкен жолдың бойында жатқандықтан жауапкершілік те жоғары. Ақкөл станциясының басында 9 жол бар. Бұл – қалалық типке жататын үлкен елді мекен. Ал бесінші класты Елтай станциясы – ауылдық округ. Басқа да бекеттерде жолшыларымыз арнайы қосындарына келіп, тамақ ішетін орындарында түстеніп, демалып алады да әрі қарай жұмыстарын жалғастыра береді. Еңбек жағдайы жасалған, биыл жаңа сапа, жаңа пішінде тігілген жолшылардың жұмыс киімі де бәрімізге ұнады.

Оларға суықтан қорғайтын құралдар, аязда жағатын жақпа майлар, т.т. берілген. Жолшылардың арасында ең үлкеніміз – қырық жылдық тәжірибесі бар өткел кезекшісі Евгения Николаевнаны биыл зейнеткерлік демалысқа шығарып саламыз, ал ең жасымыз – жақында ғана келген алғашқы қыстаушы, – дейді Р. Шарипов.

Елтай станциясында жеке шаруашылықтар көп болғандықтан мал да көп. Сондықтан осы бағытта 1,5 км жерге жаңадан малға қоршау салынып және ескілері жаңартылыпты. Жолшыларды оқыту, техникалық сабаққа уақытылы қатысуы да назарда ұсталып, қатты қадағаланады екен.

Сондай жиындарда олардың арасында арнайы сауалнама жүргізіліп, қатты боранда көз алдыңдағыны да көре алмайтын кездерде аса сақ болып, нұсқаулыққа сай әрекет ету керектігі, оларды үйінде отбасы, жақындары күтіп отырғандығы ұдайы ескертіледі екен. Өйткені, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жандардың өздерінің қатерден аман болуы үшін аса маңызды деп санайды жолшылар бастығы. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады