Қалпына келтіру пойызы - кез келген жағдайда дайын

Аймақтар
14.11.2019, 19:48

Теміржолдағы тынымсыз қозғалысты ештеңе тоқтата алмайды. Егер қандай да бір апаттық жағдай орын алса, жол бойындағы қалпына келтіру пойыздары құстай ұшып жетіп барып, қираған бүлінген дүниені қайта қалпына келтіргенше тыным таппайды. Теміржолдың «жедел жәрдемі» атанған сондай бір ұжым – Маңғыстаудағы №12 қалпына келтіру пойызы.

Құрметті теміржолшы Маралбек Нұрмағанбетов басқаратын Маңғыстау қалпына келтіру пойызының тұп-тура жарты ғасырлық тарихы бар. Мекемеде жұмыс орындарының, құрам бірліктердің, техникалардың жөндеу жұмыстары үздіксіз орындалып келеді. Биыл кран ЕДК-1000/2 толықтай арнайы мекемемен шартқа отырып жөнделіпті. Вагон №28912, 28936, № 144 деполық жөндеуден өткізілген. Кезекші бөлмесі, жуыну бөлмелері жұмысшылардың күшімен жөнделді. Мекеменің техникалық жабдықталуы да жаман емес, алысқа ұзамай, кейінгі жылдарға тоқталсақ, 2004-2009 жылдар аралығында Т-330 трактор, бір автомашина, алты вагон, үш платформа және екі кран күрделі, деполық жөндеуден өткізілген. 2007 жылы қалпына келтіру пойызының ғимаратына толық күрделі жөндеу жасалған. «ХЕШ» тұрпатты көтергіш гидравликалық қондырғы, 2009 жылы УАЗ автокөлігі, 2010 жылы үлкен қуатты жаңа бульдозер ЯБЛ-350-01 алынған. 2012 жылы мекеме қалпына келтіру жұмыстарында станция диспетчерлерімен, тепловоз машинистерімен байланыста болуға ыңғайлы рациялармен, жұмыс аумағын жарықтандыратын, апатты жағдайда құрамды әртүрлі әдістермен кесетін заманауи қондырғылармен жарақтанған.

Қалпына келтіру пойызындағы жұмысшылардың алды – осы мекемеде 40 жыл, кейінгілері 5-10 жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі теміржолшылар. Мекемеде жұмысшыларға бар жағдай жасалған. Жұмыс киімдерін қоюға арналған шкафтар, жуылған жұмыс киімдерін кептіретін орын, жуынатын бөлмелер – бәрі де қарастырылған. Ғимараттың артында жұмысшылардың өзі күтіп-баптайтын, жаз бойы жайқалып тұратын шағын бау бар. Онда жүзім, өрік, шие, алма жемістері мен түрлі ағаштар өсіп, ғимараттың айналасын абаттандырып тұр. Аулада сондай-ақ жұмысшыларға арналған волейбол алаңы жасалған. Үстел теннисі құрылып, жұмысшылардың спортпен айналысуына мүмкіндік жасалған. Соның арқасында мекеме қызметкерлерінің спорттан жетістіктері жетерлік. Жұмысшылар арасында өнертапқыштар да баршылық екен. Электржөндеуші М.Мұқанов, шеберлер И. Аймаханов, Е.Мүсірханов, кран машинисі Н.Глушенок, кран машинисі көмекшісі З.Мурадалиев, бульдозер машинисі И. Юсуповтың ойлап тапқан көмекші құралдары, қосалқы тетіктері жұмыс барысында іске асып, қауіпсіздікті сақтауда, техниканың ұзақтық мерзімін созуға оң септігін тигізіп жүр. – Апатты жағдайлардан бөлек жолды күрделі жөндеу кезінде стрелка салуға, техникаларды тасымалдауға, т.т. әріптестеріміздің сұранысына орай шығып тұрамыз. Былтыр, мысалы, 7-8 рет жолдағы осындай жұмыстарға қатыстық. Жалпы тоқсанына бір рет жоспар бойынша шығып тұрамыз. Биылғы жылға жоспарланған – 25 шақырым. Бірінші тоқсанда Шетпеге, екіншісінде Өзенге, үшіншісінде тағы да Шетпеге бардық. Енді Өзенге шығамыз деп отырмыз. Сонымен қатар келісімшартпен ірілі-ұсақты 3-4 жұмыс жасалды. Шетпе станциясында өткен төтенше жағдайлар қызметі және қарулы күштермен бірге оқу-жаттығуға қатыстық. Маңғыстау станциясында да өрт сөндіру пойызы мен төтенше жағдайлармен бірлесе оқу-жаттығуда болдық. Өз аумағымызда Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі мен магистральдық желі бөлімшелері директорларының қатысуымен екі рет оқу-жаттығуын ұйымдастырдық. Ай сайын инструкция бойынша крандарды көтереміз, жинаймыз, құрамыз, жұмысшылар машығын арттырып, кез келген жағдайға дайын болып отырамыз, – дейді мекеме басшысы Маралбек Нұрмағанбетов. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады