Құрметті теміржолшы Әзберген Танимов өмірден өтті
Оқуға 1 мин
«Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС директорының орынбасары Танимов Әзберген Камалұлы 61 жасында өмірден өтті.
«Еңбек ардагері» медалі мен «Құрметті құрылысшы», «Құрметті теміржолшы» белгілерінің иегері еңбек жолын жоғары оқу орнын бітірген соң 1986 жылы Батыс Қазақстан темір жолының Никельтау жол дистанциясында жол бригадирі болып бастады. 1987-1990 жылдары аға жол шебері, учаске бастығы болып жұмыс істеді. 1990 жылдан 1994 жыл аралығында Батыс Қазақстан темір жолының СМП-45 мекемесінде бас инженер болды.
1994-98 жылдар аралығында Батыс Қазақстан темір жолы сумен жабдықтау және сантехқұрылғылар дистанциясында бөлім бастығының орынбасары, дистанция бастығының орынбасары, Ақтөбе сумен жабдықтау және сантехқұрылғылар дистанциясы директорының орынбасары болып еңбек етті. 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС директоры, кейін директордың орынбасары болып, аймақта сумен жабдықтау жүйесін жаңартуға, «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын іске асыруға үлес қосты.
«Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС ұжымы марқұмның шаңырағына, туыстарына орны толмас ауыр қазаға ортақтасып, көңіл айтады.