ҚТЖ қызметкерлері «Донор күніне» орай 36 литрден астам қан тапсырды
Әлеумет
27.10.2021, 14:34
Қазанның 27 мен 29 күндері «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, «Донор күні» акциясын өткізді. Теміржолшылар қарсы көрсетілімдер мен ұсынымдар тізімімен алдын ала таныса отырып, осы қайырымдылық іс-шараға белсенді қатысты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Замир Серіковтің айтуынша, бұл акция Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өтті.
Расымен де біз сөзге тартқан, біраз жылдан бері қан өткізіп келе жатқан белсенді донор – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығының бас менеджері Азамат Маңғытаев жұмыстан бос уақытта футбол және баскетбол ойнағанды жақсы көретінін, жүгірумен де айналысатынын айтты.
Ұлттық компанияда Көп функционалды қызмет көрсету орталығының кадр бөлімінің маманы Құралай Ысқақованың да донор болып келе жатқанына 8 жыл болған.
Акцияның екінші күнінде қан тапсыруға 44 теміржолшы келіп, соның ішінде 35 адамнан 15,750 литр қан алынған. Жалпы екі күнде 36,5 литр қан жиналыпты.
Медицина қызметкерлері қан тапсыру қайырымдылықтың маңызды және қолжетімді түрі екенін еске салады. Донорлар қанының арқасында дәрігерлер миллиондаған қазақстандықтардың өмірін сақтап қалады. Донор болу үшін қызметкерлерге мұндай акциялардың өткізілуін күтудің қажеті жоқ, Қазақстанның қан қызметіндегі жетекші ұйымға – елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына тікелей жүгінуіне болады.
– Бүгін компания қызметкерлері донорлық қозғалысты қолдап, медициналық мекемелердің қажеттіліктеріне қан тапсырды. Акцияға қатысуға ниет білдірушілер қатары өте көп болғандығын ескере отырып, осы аптада іс-шараны екі рет өткіздік, – дейді Замир Серіков.Акцияның бірінші күнінде 58 теміржолшы қан тапсыруға келіп, соның ішінде 46 адамнан 20,7 литр қан алынды. Норма әр адамға – 400 мл. Бір айта кетерлігі, олардың арасында 5-10 жылдан бері қан тапсыратын тұрақты донорлар көп болып шықты. Олар қан орталықтарында тіркеуде тұрған, донорлық карточкасы бар, қажет кезде жедел көмекке келетін донорлар тізімінде. Донор болудың өзіндік талаптары бар. Қан орталығының дәрігері Елена Викторовнаның айтуынша, олардың қай-қайсысы да денсаулығына ерекше көңіл бөлетін, созылмалы аурулары жоқ, спортпен шұғылданатын азаматтар.
Расымен де біз сөзге тартқан, біраз жылдан бері қан өткізіп келе жатқан белсенді донор – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығының бас менеджері Азамат Маңғытаев жұмыстан бос уақытта футбол және баскетбол ойнағанды жақсы көретінін, жүгірумен де айналысатынын айтты.
– Донорлық тек игі іс қана емес, сонымен қатар адамның өз денсаулығына да пайдалы. Біреуге қан беру арқылы ағзада қан жаңаланып тұрады. Оның үстіне сіздің қаныңыз басқа бір адамның өмірін құтқарып қала алады. Мен бүгін қайтадан қан тапсырдым және де өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Қан тапсыруды 5-6 жыл бұрын бастадым. Жыл сайын 2 рет тапсырамын, – дейді ол.
Ұлттық компанияда Көп функционалды қызмет көрсету орталығының кадр бөлімінің маманы Құралай Ысқақованың да донор болып келе жатқанына 8 жыл болған.
– Өзім қатысқан сегіз рет қан тапсыру акциясының ішінде үшеуі – осы біздің «ҚТЖ» компаниясы ұйымдастырған донорлық іс-шара. Қайырымдылық жасау, сауапты іс мақсатында қан тапсырамын. Маған дәрігерлер қанымның сапасы тіпті кішкентай балаларға құюға жарамды екенін айтады, – дейді ол.Компанияда шаруашылықты басқару департаментінде флорист болып еңбек ететін Наталья Мифтахова да 4 жылдан бері жылына екі реттен қан тапсыруды әдетке айналдырған.
– Менің қан тобым өте сирек кездесетін 4-топқа жатады. Жасым – алпыста, бірақ денсаулығым өте жақсы. Спортпен шұғылданамын, бойымда созылмалы аурулар жоқ. Пандемия басталғалы қан тапсырмағасын, қаным қоюланып кеткендей болып жүр едім. Сондықтан, мұндай акциялар қайта жалғасын тапты, өте қуаныштымын, – дейді донор теміржолшы.
Акцияның екінші күнінде қан тапсыруға 44 теміржолшы келіп, соның ішінде 35 адамнан 15,750 литр қан алынған. Жалпы екі күнде 36,5 литр қан жиналыпты.
Медицина қызметкерлері қан тапсыру қайырымдылықтың маңызды және қолжетімді түрі екенін еске салады. Донорлар қанының арқасында дәрігерлер миллиондаған қазақстандықтардың өмірін сақтап қалады. Донор болу үшін қызметкерлерге мұндай акциялардың өткізілуін күтудің қажеті жоқ, Қазақстанның қан қызметіндегі жетекші ұйымға – елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына тікелей жүгінуіне болады.
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?