Ақтауда құрметті теміржолшы Қыдыр Қалағанов тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді

Әлеумет
28.10.2021, 09:52
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Батыс өңірінің теміржолына өлшеусіз үлес қосқан теміржолшы құрметіне Ақтау қаласындағы өзі тұрған көпқабатты үйдің қабырғасына ескерткіш тақта ілінді. Құрметті теміржолшы Қалағанов Қыдыр Дәрменқұлұлы 1933 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған. Ақтөбе теміржол техникумын бітіріп, еңбек жолын 1957 жылы Шалқар станциясында таразышы болып бастапты. Екі жылдан кейін бөлімшеге коммерциялық ревизор, сосын пойыз диспетчері болып ауысады. Ташкент теміржол институтын бітіріп, жоғары білім алған соң бөлімше бойынша кезекші, 1967 жылы Ембі станциясының бастығы болады. Бірнеше жылдан кейін Ақтөбе бөлімшесі директорының жүк шаруашылығы жұмыстары бойынша орынбасары қызметіне тағайындалады. Маңғыстау өңіріндегі еңбек жолын 1987 жылы Гурьев теміржол бөлімшесі директорының Маңғыстаудағы орынбасары болып бастап, жиырма жыл түбек темір жолында жемісті еңбек етіп, зейнетке шыққан. Айта кетейік, кейіпкеріміздің әкесі Дәрменқұл Қалағанов «Ленин» орденді қазақтан шыққан алғашқы пойыз диспетчерінің бірі болған. Шалқар ауданында даңқты теміржолшы атында көше бар. Қалағановтар әулетінің еңбек жолын бүгінде үшінші буын жалғастырып жатыр.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл