Салааралық кәсіподақ ұйымдары байқауының жеңімпазы анықталды

Әлеумет
28.10.2021, 09:57
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Оразалы Ерубаев – теміржолшылар әулетінің өкілі. Еңбек жолын жол шаруашылығында кадр бөлімінде бастаған ол бүгінде Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясында кәсіподақ комитетінің төрағасы. Жақында бастауыш кәсіподақ ұйымы осы саладағы арнайы байқауда жеңімпаз атанды. Ақмола өңірінде туып-өскен ол теміржол саласындағы еңбек жолын 2001 жылы бастап, ПЧ-17 мекемесінде кадр бөлімін басқарады. Құқықтық салада білімі бар, сауатты маман 2010 жылы кәсіподақ төрағалығына сайланады.

– Кәсіподақ жұмысы оңай емес, тынымсыз да мазасыз жұмыс. Теміржолшылар құқының қорғалуын қамтамасыз ету, еңбек тәртібінің бұзылмауын қадағалау барысында талай кедергілерге тап болу мүмкіндігі бар, қиын жағдайға түскен жұмысшыларға қолдау көрсетіп, сонымен қатар түрлі қайырымдылық шараларын, спорттық додалар ұйымдастырамыз. Біздің ұжым әсіресе қайырымдылық көрсетуде өте белсенді, мәселен, биыл үйлері өртеніп кеткен әріптестерімізге көмек көрсеттік. Сосын кәсіподақ жұмысы уақытылы есеп беріп отыруды да қажет етеді, – дейді О.Ерубаев кәсіподақ ісінің қыр- сырын түсіндіріп.

Теміржолда 41 жыл еңбек еткен, станция кезекшісі болған әкесі Сунат Ерубаев та кәсіподақ төрағалығына сайланып, 24 жыл қызмет атқарған екен. Анасы Нағима да станция кезекшісі, тауар кассирі болған. Әкесінің інісі де осы станцияда еңбек еткен. Осындай теміржолшылар әулетінің тікелей ұрпағы бола тұра ол әу баста заңгер мамандығын таңдап, біраз жыл құқық қорғау саласында еңбек етіпті.

– Бірақ жылдар өтіп, әулетіміздің төл кәсібіне мен де оралдым. Қазір төрт ұл немеремнің үлкені теміржол саласында жоғары білім алуда. Сол немерем ата кәсібін жалғастырады деп үміттенемін, – дейді кәсіподақ жетекшісі.

Кейіпкеріміз рас айтады, кәсіп- одақ комитетін басқару кез келгеннің қолынан келетін жұмыс емес. Көпшілікпен жұмыс істей білу, дау-дамай, талас-тартысты екі жаққа да оңтайлы шеше білумен қатар, саладағы құқықтық нормаларды жетік білу керек. Бүгінде зейнет жасына жеткен кейіпкеріміздің іскерлігін бағалайтын ұжымы аттай қалап оны тағы 5 жылға сайлап отыр.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті