Қалдықтарды сұрыптай білген маңғыстаулықтар экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосуда

Әлеумет
29.10.2021, 11:12
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау қосалқы бөлімшесінде тұрмыстық қалдықтарды бөліп төгу үдерісі жолға қойылғалы экологияға пайда келтіріп қана қоймай, мекеме бюджетіне де айтарлықтай кіріс кіргізіп отыр. Өткен тоғыз айда бөлімшеде қолданыстан шыққан қалдық заттарды тапсырудан түскен табыс 40 мың теңгеге жуықтаған. Мәселен, қазір бөлімшеде сағат, кондиционер, теледидар пульті, т.б. бұйымдардан шыққан ескі батареяларды тапсыру акциясы жүруде. Тамыздың басында басталған науқан аясында осыған дейін бірнеше кг батарея жиналған. Сондай-ақ, жыл басынан бері 466 кг қағаз, 22 кг пластмасса, 17 кг картон жинақталып, қоқысты кәдеге жаратушы орынға тапсырылған. Одан бөлек, оргтехника және шыны, басқа да қайта өңделетін қоқыстарды бөлек жинау жалғасуда. Бұл үшін бөлімше ғимаратына арнайы жәшіктер қойылып, оларды қабылдаушы арнайы мекемемен келісімшарт жасалған.

– Экологияға келтірілген зиян өзімізге төнетін қауіп деуге болады. Мысалы, полигонға тасталған бір батарея ауыр металдармен 20 метр топырақты немесе 400 литр суды ластауға қабілетті екен. Осыдан-ақ, күнде қоқысқа тастай салатын қарапайым батареяның зияны қандай екенін білуге болады. Сол үшін біздің қызметкерлер үйіндегілерді де алып келіп тапсырып жатыр, демек әркім экологиялық қауіпсіздікке үлес қосуда, – деген экология мәселелері бойынша жетекші инженер Ақкүміс Шәудірбаеваның айтуынша, бөлімше жыл басынан осы кезге дейін экология қауіпсіздігі бойынша айыппұл арқалаған жоқ.

Демек экологиялық қауіпсіздікті бұзу деректері, яғни қауіпті жүктердің төгілуі сияқты көрсеткіштер тіркелмеген.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл