«Нұрлы жол» вокзал кешені пойыздардың кешігетінін хабарлайтын мобильді қосымшаға қосылды

Әлеумет
09.11.2021, 14:19
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Нұрлы жол» вокзал кешені пойыздардың кешіккенін Push-хабарлама арқылы әр жолаушы телефонына жеткізетін жаңа мобильді қосымшаға қосылды. Соның арқасында бұрын пойыздың кідіртілуін білмей қаламыз деп шағым айтатын жолаушылар саны азайған. Вокзал кешенініңтехнологиялық процесті ұйымдастыру бөлімінің менеджері Ертужан Құлыбаевтың айтуынша, бұл қосымша «Darmen» деп аталады. «I2NIK» компаниясы жасап шығарған жүйеге вокзалдар арасынан бірінші болып «Нұрлы жол» кешені тіркелген.

– Бізде пойыздардың кешігуі туралы хабарлама жіберуде қиындықтар көп болды. Ал әуежайда ұшақтың кешігуіне байланысты хабар жіберу бұрыннан жолға қойылған. Жолаушылар үнемі пойыздың кешігетінін өз уақытында хабарлап айтпайсыздар немесе мүлдем хабарлама жібермейсіздер деп шағым айтатын. Соған байланысты біз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на хат та жаздық. Бірақ бұл көп қаржы керек ететін, бюджетке енгізу жағы қиын шаруа болып шықты. Міне, ақыры біз нарықта сұранысы жоғары жаңа қосымшаның қызметін таптық. Аталған компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл қосымша оған тіркеліп, жазылған адамдардың ұялы телефондарына лезде хабарлама жіберіп отырады. Ол үшін біз пойыздар жарты сағаттан көп кешігетін жағдайда Push-хабарлама, шаблондардың қазақша-орысша нұсқасын әзірледік. Оған вокзалдан бір адам бөліп, компьютерлік жүйе арқылы әлгі қосымшаға қалай жүктеуді, жіберіп отыруды үйреттік, – дейді бөлім менеджері.

Бір айта кетерлігі – вокзал бұл қызмет үшін мобильді қосымша жасаушы компанияға ақы төлемейді. Олар бастапқыда жарнама қағаздарын беріп, соларды вокзал ішіне, кіреберістерге ілуді тапсырған. Бүгінде осы қосымшаны жүктеп алған жолаушылар қай пойыз қанша минутқа кешігетінін алдын ала біліп отырады. Заманауи вокзалда пилоттық жоба ретінде енгізілген қосымшаға енді Қазақстанның барлық вокзалдарын қосу көзделуде. Ол үшін Магистральдық желі дирекциясы мен аталған қызмет көрсетуші компания арасында меморандумға қол қойылады. Қазір «Нұрлы жол» вокзалы бірінші болып жасаған дайын шаблондар мен Push-хабарламалар мәтіні өзге вокзалдарға таратылуда.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті