Сақтық шаралары әлі де жалғасуда

Әлеумет
22.11.2021, 10:08
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аймақта қауіпті індеттің таралуын болдырмау үшін жаппай екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға атсалысқан қызылордалық теміржолшылардың 94,7 пайызы екпенің екі компонентін де алды. Қызылорда ЖТ қосалқы бөлімшесі кадр бөлімінің бастығы Жанар Ибрагимова карантиндік сақтану жұмыстарының әлі де жалғасып жатқанын айтты.

– Карантиндік шектеу жасыл аймаққа өткен кезеңде де бәсеңдеген жоқ. Қазір өңірдің сары аймақта болуына байланысты карантиндік шектеулер әлі күшінде қалып отыр. Бөлімшеге қарасты Қызылорда локомотив пайдалану депосының 99,5 пайызы, Қазалы вагон пайдалану депосының 96,7 пайызы, бөлімшенің жеке құрамы мен Сексеуіл станциясы теміржолшыларының 94,9 пайызы екпенің екі сатысын салдырып, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына өз үлестерін қосты, – деді Жанар Ибрагимова.

Магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары да індеттің таралуына қарсы әрекет жасауда. Мәселен, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы теміржолшыларының 99,7 пайызы, Қазалы жол дистанциясының 98,5 пайызы, Сексеуіл жол дистанциясы ұжымының 95,9 пайызы індетке қарсы екпе алған. Теміржолшылар күнделікті жұмысқа кірісер алдында дәрігерлік тексеруден өткізіліп, сақтық шараларын қатаң сақтап жұмыс жасауда. Жұмысшылар гигиеналық құралдармен толық қамтылған.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда