«Нұрлы жол» вокзал кешенінде 100 домбырашы Құрманғазының күйлерін орындады
Әлеумет
03.12.2021, 10:11
Бірінші желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұрлы жол» вокзал кешенінде «Ұлы дала мұрагерлері» атты флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Назарбаев Интеллектуалды мектебінің жас домбырашылары ұйымдастырған ерекше флешмоб вокзалға жиналған жолаушылардың көңілін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Жігер» домбырашылар ансамблінің 100 өнерпазы профессор Айтжан Тоқтағанның жетекшілігімен Құрманғазының атақты «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады.
Жыл сайын бұл флешмоб елорданың ірі сауда орталығында өткізілетін. Ал биыл темір жол вокзалында, соның ішінде тоғыз жолдың торабы, әрі сәулетті де зәулім жаңа вокзалда өткізуге ұсыныс болған. Мұны вокзал басшылығы қуана қабылдап, өнерпаздарға қолдау білдірді.
– Күн сайын 25 мыңға жуық жолаушы келіп кететін осындай алып кешенде мұндай шара өткізу тиімділігі зор. Демек, соншама адамға домбырамен өнер көрсету арқылы оларды мерекелік көңіл-күй сыйлаумен қатар, азаматтарымыздың патриоттық сезімін арттырып, ұлттық өнерімізді дәріптейміз. Сондықтан біз вокзал кезекшілерінің жұмысын күшейтіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді толық қамтамасыз еттік, жас домбырашыларға қолайлы жағдай жасап, көмектестік, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Астана темір жол вокзал кешені» филиалының технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ғалия Нүскеева.
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?