«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің арасында қауіпті індетке қарсы екпе алу қарқынды жүріп, қоғаммен тығыз жұмыс жасап отырған алпауыт компания ұжымдық иммунитет қалыптастырып үлгерді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Ақтөбедегі локомотив пайдалану депосы ұжымының 85 пайыздан астамы вакцина алған.

«Бүгінгі күні мекемедегі 684 адамның 587-і коронавирусқа қарсы екпе алды. Мен өз басым вакцина алғаннан кейін аллергиядан құтылдым. Көктем айында «Спутник V» вакцинасын алдым. Биыл аллергия мазалаған жоқ, өзім де таң қалдым», – дейді кадр бөлімінің менеджері Талғат Көшербаев.

Сонымен қатар, мекемеде қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға арналған кепілдендірілген жеңілдіктер тиісінше жұмыс істеп тұр.

«Биыл 53 адамға түрлі демалыс орындарына жолдама берілді. Оның төртеуі – ардагерлеріміз. Негізінен Сарыағаш, Алматы, Қостанай, Бурабай, Өскемен қалаларындағы демалыс орындарына жібереміз. Қызметкерлер жолдама құнының тек 10 пайызын төлейді. Биыл пандемиялық жағдайға байланысты кейбір шипажайлар жабық болғандықтан жолдамалар аз берілді. Оған дейін бір жылда 80-90 жұмысшымыз жолдама алып жүрді», – дейді Талғат Көшербаев.